Изгалиев Елдар Дидарович

12 место в рейтинге
  • Общий бал: 3,91
  • /
  • Проголосовало: 11

Жетістіктері

БҚО, Орал қаласы «А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі» МКҚК


2017 жылдың 27-29 қараша аралығында өткен «Batysskills» аймақаралық чемпионатын ұйымдастыруға қосқан зор үлесі үшін Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
2017 жылдың 21 сәуірінде ТжКББҰ арасында «Үздік арнайы пән оқытушысы» атты Облыстық байқаудың «Шығармашылық жолында» аталымымен, 2017 жылдың 24-25 тамызда ТжКББҰ арасында «Мәңгілік Ел тірегі – жастар» жас мамандардың Облыстық слетіне қатысып, «Алтын кадр резерві» аталымымен, 2019 жылдың 15 қарашасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ТжКББҰ жас мамандары арасында «Шеберлер күні» Облыстық байқауында «Шығармашыл шебер» аталымын иеленіп, БҚО Білім басқармасының Грамоталарымен марапатталды. 2018 жылы Ақтөбе Облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріндегі жаңашылдық, даму келешегі» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияда «Модульдік оқыту – кәсіптік сала болашағы» тақырыбында баяндама жасап, сертификатқа ие болып, мақаласы конференция жинағына енгізілді. 2018 жылы «Жайық әдіскері» ғылыми-әдістемелік журналында «Шәкірттің жетістігі-ұстаздың абыройы» тақырыбында мақаласы жарияланды. 2019 жылы Облыстық білім жүйесіндегі педагогикалық шеберлігі, шығармашылық ізденісі және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін БҚО Білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. 2020 жылы Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ұйымдастыруымен өткен Qaztest.kz онлайн олимпиадасына қатысып, IV Республикалық «Үздік жас маман» олимпиадасының жүлдегері атанғаны үшін II дәрежелі диплом табысталды.