Дарибаева Дина Жумашевна

3123 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, «Жұлдыз» бөбек жай балабақшасы
2017 жылы Аудандық тамыз кеңесі, балабақшадағы үздік әдістемелік жұмысты анықтау мақсатындағы көрмеде «Вариативті компонентті ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбындағы жұмысы үшін І орынмен марапатталды. 2017 жылы Аудандық үздік балабақшаларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған «Үздік балабақша-2017» байқауында жүлделі І орынды иеленді. 2017 жылы жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласында қол жеткізген жетістіктері үшін Аудан әкімінің Алғыс хатын алды. 2018 жылы Аудандық балабақша арасынан жылдық рейтинг бойынша (педагогтар мен тәрбиеленушілердің қатысуымен байқаулар, семинарлар, баспасөзге жариялымдар т.с.с.) I орынға табан тіреді. 2018 жылы SKILLS AKADEMY мекемесі, балабақша әдіскерлерінің педагогикалық шеберлігі мен біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған ІІ Республикалық «Үздік әдіскер» байқауында ерекше біліктілігімен көзге түскені үшін ІІІ орынмен және «Үздік әдіскер» төсбелгісімен марапатталды.Сондай-ақ «Үздік тәрбиеші» байқауына тәрбиешілерді қатыстырғаны үшін «Үздік ұжым» плакеткасы, «Қазақстан ұстазы» төсбелгісі табыс етілді. 2018 жылы Облыстық оқу әдістемелік орталығы, «Үздік әдіскер» байқауына қатысып, өз үлесін қосқаны үшін Алғыс хат алды. 2019 жылы Аудандық үздік балабақшаларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған «Үздік балабақша-2019» байқауында ІІ орын иеленді. 2019 жылы Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласында қол жеткізген жетістіктері үшін Аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды. 2019 жылы Qaztest сайты, педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған ІV Республикалық «Үздік педагог» олимпиадасынан дәрежелі ІІ орынды қанжығасына байлады. 2019 жылы «Зияткер» ғылыми әдістемелік орталығы, «мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуда дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану» атты мақаласы үшін Алғыс хатпен марапатталды.