Дауа Үмітқан

3125 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Алматы қаласы ,Алатау ауданы
№180 Жалпы білім беретін мектеп
«Жарқын болашақ» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналының алғыс хаты, Меркі аудандық «Жастар орталығы» ішкі саясат бөлімі мен «Нұр отан» ХДП Филиалының І және ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың «Жырлайды жүрек» жасөспірімдер мен балалар ән-жыр байқауына қосқан елеулі еңбегі үшін Алғыс хат иеленді. Д. Садуақасұлының 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Арқаның дәулеткер күйшісі-Дәулетпек» атты методологикалық семинарға қатысқаны үшін арнайы сертификат табыс етілді. «Сырым бар жүрегімде» атты Республикалық көркем сөз, ән-би байқауында өмір талабына сай шығармашылық іскерлікке, жаңашылдық пен ішкі еркіндігі дамыған жеке тұлға тәрбиелеудегі елеулі еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. Республикалық «Жас дарын» дарынды балалар орталығы ұйымдастырған «Самға самұрық-10» байқауында өнерлі, өнегелі, шәкірт дайындағаны үшін арнайы диплом табыс етілді. 2019 жылы «Өнерпаз болсаң..» атты телебайқауға жоғары дәрежеде шәкірт дайындап, жас ұрпаққа білім беру мен өнерге баулуда сіңірген зор еңбегі үшін Алғыс хат берілді. 2019 жылы Білім саласындағы жеткен жетістіктері, шәкірт тәрбиелеудегі елеулі еңбегі мен өз мамандығы алдындағы адал еңбегі үшін «Дарынды ұстаз» төсбелгісі табыс етілді. 2019 жылы Білім саласындағы жеткен жеткістері, шәкірт тәрбиелеудегі елеулі еңбегі мен өз мамандығы алдындағы адал еңбегі үшін «Дарынды ұстаз» төсбелгісімен марапатталды. Халықаралық музейлер күні аясында ұйымдастырылған «Музей түні-2019» акциясына белсене қатысқаны үшін Алғыс хат берілді. 2020 жылы Х Республикалық «Жырлайды жүрек» жасөспірімдер мен балалар ән-жыр байқауына қосқан елеулі еңбегі мен жас ұрпақты әдебиет пен өнерге баулып, ақынның мұрасын насихаттауға қосқан үлесі үшін арнайы диплом тағайындалды. ІІ Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасында өткен «ІQ STAR 2020» сайысында үздік шәкірт дайындағаны үшін арнайы Алғыс хат табыс етілді.