Карақулова Улбосын Ильясовна
Жетістіктері
Карақулова Улбосын Ильясовна
Қызылорда қаласы, № 253 орта мектеп
2014 жылы Қызылорда қалалық «Нұр-Отан» партиясынан Құрмет грамотасы, 2015 жылы Біліктілікті арттыру институты әлеуметтік технологиялар орталығы сертификат, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығынан сертификат, Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгі, Бейбітшілік әлемі Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінен диплом, Республикалық балалар журналынан Алғыс хат, 2016 жылы «Бейбітшілік Әлемі» Халықаралық балалар фестивалінде шәкіртінің қолөнеріне көрсеткен қолдауы үшін Алғыс хат табысталды. 2018 жылы Орта Азия мемлекеттерінің ғылыми-педагогикалық қауымдастығы педагогикалық қызметтегі ерекше табыстары үшін диплом, педагогика кадрларының біліктілігін арттыру бағдарламасынан, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Акционерлік қоғамы сертификат берілді. 2019 жылы қалалық білім бөлімінің Мақтау грамотасы, ғылыми жобаға оқушы қатыстырғаны үшін диплом, «Тәуелсіз ел жастары» республикалық қоғамдық қорының Алғыс хаты табысталды. «Қабілет» республикалық-әдістемелік орталығының дипломы, Қазақстан Педагогтар Қауымдастығы «Педагогика саласының Үздігі» медальі, 2020 жылы Рухани жаңғыру «SAMURYQ» өнер – білім орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық пәндік олимпиадада оқушылары жеңімпаз атанғаны үшін Алғыс хат берілді.