Каракенова Манчук Васильевна
Жетістіктері
Каракенова Манчук Васильевна
Алматы облысы, Іле ауданы, Ынтымақ ауылы, «№30 орта мектеп» МКМ, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері. Республикалық «Бүгінгі таңдағы білім берудің мәселелері мен болашағы» конференциясында «Үздік сабақ» көрсеткені үшін І дәрежелі дипломмен, білім беру саласында айрықша еңбегі үшін «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен марапатталды. Орыс тілі пәні бойынша Республикалық Интернет байқаудың жеңімпазы болғаны үшін І дәрежелі «Шығармашыл ұстаз» дипломын иеленді. Республикалық «Үздік баяндамалар» конкурсында «Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілін оқытудағы төрт тілдік дағдыны игерту жолдары» атты жұмысымен қашықтықтан қатысып, І орын алғаны үшін І дәрежелі диплом иегері атанды. «Әдіскер мұғалім» – облыстық АОБПҚБАИ «Өрлеу» грамотасымен, «КФА» республикалық ғылыми – практикалық конференциясына жеңімпаз дайындағаны үшін диплом иемденді. «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық қазақ Творчестволық Бірлестігінің «Лидер образования» медалімен, Республикалық дәстүрлі Интернет Олимпиада порталы ұйымдастырған қашықтық олимпиадасында оқушылары 80 пайыздан жоғары нәтиже көсетіп, өскелең ұрпақтың білімін шыңдауына,интеллектуалдық ой-өрісін дамытуға ықпал еткені үшін Құрмет грамотасымен наградталды.