Дауренбекова Айдана Ғалымжанқызы

3133 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қ. Пірімов ауылы
Қ.Күлетов атындағы № 92 орта мектеп

2017 жылы «Білім беру жүйесіндегі құзыреттілік пен даму мүмкіндіктері» атты Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясының жинағы «Some theoretical aspects of brainstroming in brief» мақаласы жарыққа шықты. 2017 жылы үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу мақсатында өткізілген «Көп тілді меңгерген ұстаз» атты аудандық байқауында жоғары дәрежеде өнер көрсеткені үшін ІІ орын иеленді. 2018 жылы Intelligence Республикалық ақпараттық, ғылыми - педагогикалық журналында «ағылшын тілін оқытуда АКТ-ны тиімді қолдану» атты материалы жарияланғандығы туралы сертификат табыс етілді. 2018 жылы Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында «Ұлы Даланың қасиетті рухани құндылықтары» тақырыбында ұйымдастырылған аудандық көрме байқауында «Шыныны көркемдеп өңдеу» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлады. 2019 жылы «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбында авторлық бағдарламасы жарыққа шықты. 2019 жылы «Алтын көмбе» танымдық жас мамандар сайысында жүлделі ІІІ орынға табан тіреді. 2019 жыл Үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу мақсатында өткізілген «Көп тілді меңгерген ұстаз» атты аудандық байқауында жақсы өнер көрсеткені үшін ІІІ орын иегері атанды. 2019 жылы Ustaz.tilegi Республикалық ұстаздар сайтында «Қараша» - Республикалық Блиц – Турнирі бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2019 жылы Qaztest сайтында ұйымдастырылған ІІ Республикалық «Үздік педагог» олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткені үшін І дәрежелі диплом алды. 2020 жылы І Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасында ІІІ дәрежелі; 2020 жылы Qaztest сайтында «Ағылшын тілі» пәнінен өткізілген Республикалық мұғалімдер олимпиадасының ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.