Джумабаева Гулнар Искендеровна
Жетістіктері
Алматы қаласы, Алатау ауданы
№26 жалпы білім беретін мектеп
«Көкжиек» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталық – «Тәуке хан және оның жарғылары» тақырыбындағы электронды сабақтың авторы. 2016 жылы Республикалық ғылыми-әдістемелік орталық қашықтан ұйымдастырған конкурста «1-11 сыныптардағы барлық пәндерден электронды оқулық әзірлеу» Республикалық жобасының жеңімпазы. 2016 жылы «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчестволық бірлестігі «Тәуелсіздік-тірегім, теберігім» атты ғылыми-практикалық конференциясында шәкірттерінің ғылыми жобаларына жетекшілік еткен еңбегі үшін мақтау қағазы берілді. 2017 жылы Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы Республика көлеміндегі Ү Республикалық «Мәңгілік ел үміткері» атты дарынды, озат оқушылар антологиясында белсене қатысқаны үшін арнайы дипломмен марапатталды. 2018 жылы КИО «Қазақстан тарихы: Рухани жаңғыру» тақырыбында облыс бойынша 3 орынды иеленді. 2019 жылы Қазақстанның Білім және Ғылым әлемі: Республикалық «Рухани жаңғырудың жарқын жолы –өскелең ұрпақты ұлттық құндылықта тәрбиелеу» тақырыбындағы бағдарлама аясында атқарған істері үшін Құрмет Грамотасы берілді. 2019жылы «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасы аясында «Бейбітшілік Әлемі»Халықаралық Бірлестігінің 10 жылдығы құрметіне арналған «Мәңгі Ел-Қазақстаным!» фестиваліне белсене атсалысқаны және педагогика саласында заманауи білім, саналы тәрбие берудегі мол еңбегі үшін диплом табыс етілді. 2019 жылы «Тарих пәнінен жаңартылған бағдарлама бойынша оқушылардың білімін жетілдіру тәсілдері» әдістемелік құралының авторы атанды. 2019 жылы Qaztest сайтында тарихшы педагогтар арасында қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы Е.Б.Бекмаханов атындағы І Республикалық «Қазақстан тарихы»олимпиадасының ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Сонымен қатар, ІІ Республикалық «Үздік сынып жетекші»олимпиадасында ІІІ дәрежелі диплом алды. Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest олимпиада сайты ұйымдастырған І Республикалық «Кемеңгер ұстаз»олимпиадасында жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды.