Кабенова Таттигул Какеновна
Жетістіктері
Кабенова Таттигул Какеновна
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №26 мектеп-гимназиясы
2016 жылы 2-сыныпқа арналған «Қызықты грамматика» атты арнайы курс бағдарламасын құрастырып, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Білім беруді және тәрбилеуді дамытудың инновациялық орталығынан» рецензияланды. 2017- 2018 оқу жылында республикалық "Фариза, Фаризажан, Фариза қыз" атты Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндерден балалар мен жасөспірімдер байқауына сіңірген еңбектері үшін алғыс хатпен, 2017 -2018 оқу жылында жазушы Ғабиден Мұстафиннің шығармашылығын жас буын арасында насихаттау, оларды көркем шығарма оқуға тарту мақсатында ұйымдастырылған республикалық "Алтын ұрпақ тынысы" атты мәнерлеп оқу байқауына қатысушыларды дайындаудағы белсенді еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталды. 2018-2019 оқу жылында www.nio.kz Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадасынан І дәрежелі дипломға, www.tio.kz Республикалық Дәстүрлі Интернет Олимпиадасынан, І дәрежелі дипломға ие болды. 2019-2020 оқу жылында Qaztest.kz сайты бастауыш сынып педагогтарының біліктілігін арттыру мақсатында «Бастауыш білім беру педагогикасы» пәнінен ұйымдастырған республикалық қашықтық олимпиадасының ІІІ орын жүлдегері атанды. 2019 жылы 2--сыныптың қазақ тілі пәні «Зат есімнің жекеше және көпше түрі» тақырыбындағы ашық сабағы Республикалық «Orda.kz» баспа үйі ұйымдастырған «Қазақстан ұстаздарының ашық сабақтарының жинағында» жарияланды.