Кабдылова Альфия Мажитовна
Жетістіктері
Кабдылова Альфия Мажитовна
Екібастұз қаласы №25 қазақ қыздар гимназиясы
2015 жылы облыстық мұғалімдер олимпиадасынан 3-орын дипломы, Павлодар облысының білім беру ұйымдарында инновациялық үдерістерді қолдануы, қызметтестігі және тамыз педагогикалық іс-шараларына белсенді қатысқан үшін сертификат берілді. «Қызықты математика» арнаулы курс бағдарламасы шықты. 2018 жылы «Ертіс дарын» оқу-әдістемелік орталығынан Алғыс хат берілді. «Заманауи жағдайларда балалар оқуының проблемалары және оқушылардың сауаттылық деңгейін арттыру» облыстық семинар-практикумында іс тәжірибе бөліскен үшін сертификат табысталды. 2019 жылы Білім беру ресурстарын жетілдіру: тәжірибе және болашағы» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысқан үшін сертификат берілді. 2020 жылы Облыстық «Педагогикалы шеберлік-2020» байқауынан ІІІ орын, «Зият» ғылыми-әдістемелік «Үздік авторлық бағдарлама» байқауынан І орын иеленді. Республикалық білім порталында әдістемелік материал және сабақ жоспарын салып, әдістемелік тәжірибе алмасқан үшін Құрмет грамотасы табысталды. Республикалық «Кемеңгер Ұстаз» олимпиадасынан ІІІ орын иегері атанды.