Досжанов Накип Шаханович

3186 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы , Лақалы ауылы
№93 орта мектебі

2010 жылы Қызылорда Облыстық білім беру және қайта даярлау институтының Алғыс хатын иеленді. 2011 жылы Қ.Р Ислам Конференция Ұйымына ( ИКҰ) төрағалығы мен Мәшһүр-Жүсіп атындағы орталық мешіттің 10 жылдығына арналған «дін және ұлт» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысып «Шуақ шашқан дін біреу ол-Ислам» атты мақаласымен көзге түскені үшін арнайы сертификатпен марапатталды. 2011 жылы Қ.Р Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «VІІІ Мәшһүр Жүсіп оқулары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына белсенді қатысып, материалы жарияланғаны үшін арнайы Алғыс хат және сертификатпен марапатталды. 2012 жылы «Үздік сынып жетекшісі -2012» байқауында І орынды иеленді. 2013 жылы «Атабаев тағылымы» ІІІ Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық оқуда үздік баяндама жасағаны үшін Алғыс хат пен сертификат алды. 2013 жылы «ХІІІ Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясына белсенді қатысқаны үшін І дәрежелі дипломмен мадақталды. 2015 жылы «ұстазға жаңа талап» ІІ Республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияға қатысқаны үшін сертификат берілді. 2015 жылы Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгейлі бағдарламасы бойынша 416 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын аяқтады. 2015 жылы аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен мадақталды. 2016 жылы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының Алғыс хатын иеленді. 2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай аудандық кәсіподақ комитетінің Алғыс хатымен марапатталды. 2017 жылы «ХVІІ Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясына қатысып, жоғары нәтижеге қол жеткізгені үшін І Дәрежелі дипломын алды. 2017 жылы Аудандық білім бөлімінің Алғыс хатына ие болды. 2018 жылы ұстаздар күні мерекесіне орай, Қазалы ауданы әкімі Мұрат Ергешбаетың Алғыс хатымен марапатталды. 2018 жылы NIO Республикалық Дәстүрлі Интернет Олимпиада сайты «география» пәнінен ұйымдастырған онлайн олимпиадада жеңімпаз атанды. 2018 жылы Павлодар қаласы SANATEZ.NET сайтында «тірі және өлі табиғаттағы үдерістер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау атты материалы жарияланды. 2018 жылы «OQU–BILIM.kz» Республикалық білім порталына әдістемелік материал және сабақ жоспарларын салып, әдістемелік тәжірибе алмасқаны үшін Құрмет грамотасын иеленді. 2018 жылы Qaztest cайтында педагог мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында өткізілген І Республикалық «Үздік педагог » педагогика олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткені үшін ІІ дәрежелі дипломды иеленді. 2018 жылы «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «география» пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадада жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2019 жылы Тәуелсіздік күніне орай «Нұр Отан» партиясы Облыстық филиалының Алғыс хатын алды.