Досниязова Гульбану Дуйсенбековна

3187 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Жетістіктері

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы
№3 ЖОББМ
2016 жылы Ақтөбе Облысы білім басқармасының сайтында «Карбанилді қосылыстар. Альдегидтер. Альдегидтердің қасиеттері» тақырыбындағы мақаласы жарияланды. 2018 жылы «химия» пәні мұғалімдері арасындағы Облыстық пәндік олимпиадада ІІ орын иегері атанды.
2018 жылы «үздік химия пәні мұғалімі-2018» Облыстық байқауында «жаңашыл мұғалім» номинациясына ие болғаны үшін, сондай-ақ,
Ақтөбе Облысының білім беру саласындағы тынымсыз шығармашылық еңбегі және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі қол жеткізген табыстары үшін Ақтөбе Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
«Жаңа бағдарлама - жаңашылдық бастауы» атты Облыстық қашықтан өткізілген байқауда ІІІ орын иегері атанды. Республикалық ғылыми-танымдық педагогикалық «химик анықтамалығы» журналындағы «үздік слайд - 2016» сайысына қатысып, журнал дискісіне жариялаған танымды слайд-презентациялары үшін сертификат алды.
«Табиғаттағы су. Судың қасиеттері және қолданылуы» тақырыбындағы сабағы Республикалық ғылыми-танымдық педагогикалық «Химик анықтамалығы» журналында жарық көрді.
2017 жылы Қазақстанның жалпы білім беру мектебінде сапаны басқаруда және дамытуға үлесін қосқаны үшін III дәрежелі мадақтама, «үздік химия пәні мұғалімі» Республикалық сырттай байқауы бойынша І орынды қанжығасына байлады.
2019 жылы Егеменді еліміздің жарқын болашағы - жас ұрпаққа білім беру саласындағы еңбегі мен шығармашылығы үшін «білім шырағы» оқу әдістемелік орталығының Құрмет грамотасымен мараматталды. Республикалық ғылыми-танымдық педагогикалық «химик анықтамалығы» журналына «The composition and structure of the atom. Isotopes» тақырыбындағы қысқа мерзімді жоспары басылымға шықты. 2020 жылы химия пәні мұғалімдеріне арналған Республикалық «ПедСтарт» қашықтық олимпиадасының ІІІ орын жүлдегері атанды. Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest олимпиада сайты бірлесіп педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған I Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының І дәрежелі жеңімпазы атанды.