Дүсебекова Жұпаркүл Асанқызы
Жетістіктері
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №176 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі.
Білім беру мазмұнының жаңаруы жағдайында жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі зор еңбегі үшін республикалық www.orleu.kz порталының әкімшілігінің мақтау грамотасымен, 2017 жылы «Пони» халықаралық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін сапалы дайындағаны үшін арнайы дипломмен марапатталған білікті маман. 2018 жылы «Білім жолы» республикалық зияткерлік марафонының өткізілуіне белсене атсалысқаны үшін алғыс хат иеленді. 2018 жылы «Көшбасшы мұғалім – Учитель лидер» атты республикалық-ғылыми әдістемелік журналында мәнді де мағыналы авторлық материал жариялағаны үшін арнайы сертификат табысталды.2020 жылы Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасында 2 орынды иемденді. «Самұрық» математикалық зияткерлік сайысында алғыс хатпен, «Мұғалімдердің заңдық құзыреті» атты мұғалімдер олимпиадасында дипломмен марапатталды. 2020 жылы Республикалық вертуалды олимпиаданың 2 дәрежелі диплом иегері атанды.