Дюсенбинова Гульнур Қызайбекқызы
Жетістіктері
Алматы облысы, Талдықорған қаласы
М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы
2019 жылы Алматы облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. 2019 жылы «Жаңартылған білім жүйесі-педагогтың кәсіби дамуының негізі» Облыстық семинарда арнайы сертификат табыс етілді. 2019 жылдың 28 қараша күні институттың ғылыми эксперимент жоспары бойынша «Оқушылар мен пән мұғалімдерінің ғылыми ізденістері –білім беру мазмұнының маңызды шарты» тақырыбындағы Облыстық ғылыми-әдістемелік семинар іс-шарасында ғылыми жобасын жоғары деңгейде қорғағаны үшін Құрмет грамотасы табысталды. Республикалық «Білім әлемі» ғылыми-әдістемелік педагогикалық мерзімді баспасөз басылымындағы еңбектері үшін арнайы диплом, Алғыс хат, грамота тағайындалды. 2017 жылы «Асыл бала» Республикалық қауымдастығы, РҒПО «Дарын», «Білім жолы» зияткерлік марафонына қатысып Алғыс хат алды. 2017 жылы Қазақстан Республикасы Астана қаласы бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиада орталығында мадақтама грамотасына ие болды. 2017 жылы Алматы Облысы денсаулық сақтау басқармасы «педагогикалық іс-әрекеттерге инновациялық технологиялар призмасы арқылы көзқарас» атты семинар-практикумында көзге түсіп, сертификат иегері атанды. Daryn.online платформасы мен Qaztest олимпиада сайтында І Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының ІІІ дәрежелі орынмен марапатталды. Qaztest олимпиадасында «Математика» бәні бойынша ІІ дәрежелі диплом табысталды.