Нуралиева Айнур Ерболовна
Жетістіктері
Нуралиева Айнур Ерболовна
Жамбыл облысы, Тараз қаласы Жамбыл атындағы №5 мектеп – гимназиясы
2017 жылы «Педагогикалық инновациялар - Инновации в педагогике» Республикалық ғылыми- әдістемелік журналына авторлық материалы жарияланғаны үшін сертификаталды. 2017 жылы Облыстық «Үздік авторлық бағдарлама» байкауының жеңімпазы атанып, ІІІ дәрежелі диплом иегері. 2018 жылы Республикалық ғылыми жобалар конкурсының бірінші қалалық кезеңінде 11 сынып оқушысы Мамешова Сымбат ІІ дәрежелі дипломмен, екінші облыстық кезеңінде ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2018 жылы «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсын аяқтап, Тараз педагогикалық шеберлік орталығының штаттан тыс тренері атанды. 2019 жылы «Оқушылардың жетістіктерін сырттай бақылауға (ОЖСБ) дайындық деңгейін жетілдіру жолдары» облыстық ашық есік күнінде өз тәжірибесімен бөліскені үшін және 2019 жылы облыстық онлайн семинарда өз тәжірибесімен бөліскені үшін сертификат алды. 2019 жылы Ө.Жолдасбеков атындағы ІХ Халықаралық конкурсының ІІІ дәрежелі дипломмен 11 сынып оқушысы Мамешова Сымбат марапатталды. 2019 жылы Министрдің Құрмет грамотасымен мадақталды. 2019 жылы «Педагогикалық идеялар» атты облыстық фестивалінің жеңімпазы атанып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.