Ильясова Гулюм Накыповна
Жетістіктері
Ақмола облысы, Қорғалжын аудыны, Жантеке ауылы «Қызылту» орта мектебі
2015 жылы №10 Республикалық «Мектеп-45 минут» әдістемелік журналына «Айлакер бала» тақырыбында сабақ жоспары жарияланды. 2016 жылы бастауыш мектепте оқыту Республикалық әдістемелік журналына математика пәнінен «Сандардың нөмірленуі» тақырыбында сабақ жоспары жарық көрді. Республикалық U-s.kz ұстаздар сайтында авторлық материалдар жариялаған үшін сертификат берілді. Республикалық Вilim-all танымдық порталында «Кітап оқудың пайдасы» тақырыбында жұмысы енгізіліп, ұстаздарға порталды танытуда белсенділік көрсеткені үшін Алғыс хат тағайындалды. Сондай-ақ, Ustaz tilegi порталына материалы жарияланды. ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші деңгейлік бағдарламасын және 2016 жылы 28 маусымда ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша оқу курсын аяқтады. Әлеуметтік-педагогикалық зертеулер ғылыми-кеңес беру орталығы» базасында «Жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытудың жаңартылған мазмұнда инклюзивті білім беру» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарынан өткізілген курсқа қатысып, сертификат иеленді. «Қорғалжын» аудандық білім бөлімінен Алғыс хат берілді. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы педагогикалық қызыметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруы бойынша «Шағын жинақталған мектептің педагогі: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы кәсіби дамуының мәселелері» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция жұмысынан сертификат берілді. Облыстық «Шағын жинақталған мектептің білім беру үдерісін ұйымдастыру: жаңа мүмкіндіктер мен қажеттіліктер» ғылыми-практикалық конференциясы аясында «Бастауыш мектепте білім беру мазмұнын жаңарту: оқытудың жаңа тәсілдері, бағалаудың жаңа жүйесі» педагогикалық алаңшасына қатысты. «Жаңашыл ұстаз» атанды. Оқушылары Республикалық және Халықаралық байқаудың жеңімпазы.