Нарынбекова Турсынхан Аусхановна
Жетістіктері
Нарынбекова Турсынхан Аусхановна
Жамбыл облысы, Тараз қаласы №15 мектеп-гимназиясы
2017 жылы «Үздік заманауи сабақ» атты Халықаралық дәрежеде өткізілген Республикалық шығармашылық байқауға қатысып, жүлделі І дәрежелі дипломмен мадақталды.2017 жылы қолданбалы математика секциясы бойынша ғылыми жобалар жарысының облыстық кезеңінде Әбдәлі Мұхаммедәлі ІІІ орын және 2017 жылы «Ғылымға қадам – болашақ кепілі» атты республикалық ғылыми жоба байқауында «Экономикалық және әлеуметтік процестерді модельдеу» бағыты бойынша Әбдәлі Мұхаммедәлі ІІ орынды иеленді. 2018 жылы Республикалық қашықтан өткізілген «Үздік ғылыми жоба» байқауында Базарбаев Диас ІІ орынмен марапатталды. 2019 жылы 5-6 сыныптар арасында өткен математика пәнінен Республикалық олимпиадасынан Султанбек Марғұлан І орын, Асан Алиакбар ІІ орын, Мырзахмет Гүлжан ІІ орын, Конурбаев Нұрсұлтан ІІІ орын және 2019 жылы «Таңғы шұғыла» Халықаралық шығармашылық жобасында «Салыстырулар теориясындағы қалындылар класын арифметикада қолдануды зерттеу» тақырыбы бойынша Базарбаев Диас ІІ орын жүлдегері атанды. 2018 жылы Астана білім орталығының «Үздік 100 мектеп» байқауынан Құрмет грамотасы берілді. 2018 жылы «Математика» пәні бойынша Республикалық қашықтан өткен Кио олимпиадасында І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2018 жылы «Үздік математика пәні мұғалімі» Республикалық сырттай байқауынан ІІ орын дипломын алды. 2018 жылы Республикамыздағы «Математика» пәні мұғалімдерімен бірлесе отырып «Туынды арқылы пән аралық байланыстарды жүзеге асыру» тақырыбында әдістемелік құрал дайындады 2019 жылы Халықаралық «Таңғы шұғыла» шығармашылық жобасына ІІ дәрежелі дипломант дайындағаны үшін диплом алды. 2019 жылы Республикалық педагог мамандар арасында өткізілген «Үздік ашық сабақ» атты байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2019 жылы Республикалық «Педагог және қоғам» ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журналында «Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу» сабағы жарық көрді. 2019 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтен Алғыс хат алды. 2019 жыл Республикалық On-line жүйесіндегі әдістемелік семинардың Құрмет дипломымен мадақталды. «Жыл үздігі – 2019» атты ІІ Республикалық байқаудың І орын жүлдегері.