Дүниежүзілік пандемия жағдайында елімізде төтенше жағдай жарияланып, білім саласында да үлкен өзгерістер орын алды. Яғни, оқушыларды қашықтықтан оқыту бағдарламасы ұсынылып, мұғалімдерге көмек ретінде көптеген жағдайлар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, әдістемелік нұсқаулықтардың берілуі, "Балапан", "Еларна" телеарнасынан сабақтардың жүйелі түрде өтілуі, түрлі платформалардың тегін жұмыс жасауы, т.с.с. Білім, ғылым министрінің мұғалімдерге тиіспеңдер, есеп сұрамаңдар деуі мұғалімдердің жүрегіне сенім ұялатты. Өз ісіне жауапкершілікпен қарауына түрткі болды.
Желі арқылы әр сыныппен "группа" құрып сабақтар өтуі, ата-аналарымен байланыста отыруы, жеке оқушыларға тапсырмалар беруі, оны тексеріп дұрыс кері байланыс ұсынуы, бәрі-бәрі мұғалімде үлкен төзімділік пен қажырлылықты қалыптастырды. Әріптестіктің қадірін жоғарылатты. Оқушыларға деген сүйіспеншілігін арттыра түсті. Бастысы "мектеп" деген алып кеменің орнын сезе білді.