Тәеулсіз ойлау балаға не береді?


12.11.2021, 20:03

Тәуелсіз ойлау балаға еркіндік береді және оның өз мақсатына жету жолдарын таңдауда жауапкершілігін тәрбиелейді. Жаhандық құзыреттілікте 15 жастағы жасөспірімнің креативтілігін, сын тұрғысынан ойлауын, көшбасшылық және алдын ала жобаланған стандартты емес жағдайға бейімделе білу қабілетін бағалайды.

Жасөспірім шақта байқалатын "қайталама креативтілік" кезеңінде бала өзінің дербестігін, басқаларға ұқсамайтын ерекшелігін сезінеді, оның креативтілігі белгілі бір жаңа нәрсені саналы түрде ойлап шығару қабілеттілігі арқылы көрініс табады.