Түсінік хат
«Гүл өссе – жердің көркі» дейді қазақ. Адам баласы әдемілік пен сұлулық атаулыны әсем жаратылған өсімдікпен өлшейді. «Өмірдің гүлі», «гүлдей жайна», «гүлдей бер» секілді сөз тіркестері де соның дәлелі. Яғни гүл – әдемілік өлшемінің шыңы. Мейірімділік, махаббат, қуаныш, ілтипат секілді сезімдерді жеткізуде гүлдің алар орны ерекше. Гүл – жақсылықтың, бақыттың нышаны іспеттес. Олай дейтініміз, гүлді беру арқылы біз біреуге ақжарқын көңіліміз бен ыстық ықыласымызды, ілтипатымыз бен сыйымызды көрсеткіміз келеді. Осы ретте Гомердің «Гүл берудің ғана артында ешқандай жаман ой тұрмайды. Өйткені, оның өзі бар нәрседен хабар беріп тұрады» деген сөзі ойға орала кетеді. Демек, гүлді ізгі ниет – пейілдің, жан жылуының белгісі десек, артық айтпаймыз. Ойлап қарасақ қолданыста жүрген «гүл – ғұмыр» деген тіркестің өзі бойына терең әрі тұнық мағына сыйдырып тұрғандай. Бәріміз дерлік көктемді гүлімен, жазды жылы күнімен жақсы көреміз. Күн жылысымен дереу гүлді көйлек киюді ұнатамыз. Сол арқылы өзіміздің көтеріңкі көңіл – күйімізді көрсеткіміз келеді. Гүлдің, гүлді ортаның адам баласына әсері зор. Гүл – көңілді жайландыруға, ойды демалдыруға таптырмас құрал болса керек. Ол тіптен кейде кейбір дерттерді емдейді. Ғалымдар гүлдердің классикалық баяу әуендерді тыңдаса жақсы өсетінін, ал рок, поп секілді даңғаза музыкаларды үнемі қосып қойсаң олардың бірте – бірте солып қалатынын дәлелдеген. Адам гүлге қалай қарым – қатынас жасайды, оны өсіруге қаншалықты ықыластанады, гүл де адамға солай жауап беретін көрінеді. Мамандардың айтуынша гүлді әркім өз қолымен егіп, күтіп – баптағаны дұрыс. Гүлді шын ықыласыңмен күтіп – баптасаң, ол өскен соң денсаулығыңа, отбасыңа оң әсерін тигізетін көрінеді. Ал гүлдердің қасында бір сағаттай отырсаң көңіл күйің көтеріліп, барлық жаман ойдан арылады екенсің. Жайқалып өсіп тұрған гүлді көргенде әрине жақсы ойда қаларың анық. Осы орайда мектеп оқушыларының гүлге деген балалық сезімдерін оятып, гүл түрлерімен, оны баптап күту, гүл құрылысымен таныстыруды мақсатқа алып 6-7 сынып оқушыларымен «Гүлстан» тақырыбында мектепішілік үйірме ұйымдастырылды. Жалпы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан өткізіледі.
Мақсат – міндеттері: - оқушылардың гүл туралы білімдерін толықтыру, зерделеу,тәжірибе барысында пайдалану арқылы төмендегі міндеттерді шешуге көздейді:
- оқушыларды курс мазмұнымен таныстыру
- гүл түрлерімен таныстыра отырып, оны бейнелеп салуына мән беру
- гүлдер туралы әртүрлі, қызықты мәліметтер іздету
- дала, бақша, бөлме гүлдерімен таныстыру
- гүлдердің баптап, күту негізінде этикалық, эстетикалық тәрбие беру
- гүлдерге деген аяушылық сезімдерін ояту, оларды қорғауға үйрету
- оқушылардың мәдениеттілігін қалыптастыру
- оқушылардың гүлдер туралы шығармашылық білімдерін толықтыру
Оқушыға қойылатын талаптар: - бағдарлама мазмұнымен толық танысу
- бағдарлама барысында жүргізілетін жұмыстарға толық қатысып, берілген тапсырмаларды уақытылы орындау
- шығармашылықпен жұмыс жасау
- әдеби оқулықтар, интернет көздерімен, газет – журналдармен үнемі байланыста жүру
Күтілетін нәтиже:
- Бағдарлама барысында салынған гүл суреттерін тапсыру
- Гүлдерге байланысты өздерінің жазған өлең жолдарын тапсыру
- Өздерінің жұлдызнамасына сай келген гүлдерге жазба жазу
- Қызықты тапсырмалардың жауаптарын тапсыру
- Жасанды гүлдерден гүлшоғырын жасау
- Экзотикалық гүлдерді өсіруге үйрету
Тақырыптық жоспар
№
Тақырыптың атауы
Сағат саны
1
Гүл құрылысын білеміз бе?
1
2
Гүлдердің шығу тарихы
1
3
Гүлшоғырлар
1
4
Гүлдер қалай тозаңданады?
1
5
Гүлдер әлеміндегі қызықтар
1
6
Гүл мерекелері
1
7
Гүлдер барометр
1
8
Әлемдегі ең алып гүлдер
1
9
Ең көріксіз гүлдер
1
10
Ең әдемі гүлдер
1
11
Барлық мүшесі 7 санынан тұратын гүл
1
12
Сирек кездесетін гүлдер
1
13
Ақындар гүлді жырлайды
1
14
Гүлдер мен астрология
1
15
Гүлдер туралы аңыздар
1
16
Гүл сыйлау этикасы
1
17
Гүл және көңіл – күй
1
18
Гүлдер және денсаулық
1
19
Қазақстанның «Қызыл кітабындағы» гүлдер
1
20
Гүлді салып үйренейік
1
21
Гүл түсінің маңызы
1
22
Дала гүлдері
1
23
Бөлме гүлдері
1
24
Бақша гүлдері
1
25
Гүлдерді қалай күтеді?
1
26
Жасанды гүлдер әлемі
1
27
Көктемнің алғашқы гүлдері
1
28
Әлемдегі гүл жаңалықтары
1
29
Гүлдер әлемінен қызықты тапсырмалар
1
30
Гүлдер ертегіде
1
31
Гүлдер – адам есімдерінде
1
32
Сәндік мақсатта өсірілетін гүлдер
1
33
Гүлдерді көбейту жолдары
1
34
Гүл саудасының маңызы
1
Пайдаланған әдебиеттер:
- «Қызықты биология өсімдіктер әлемі» Р. Сәтімбеков, Р.Әлімқұлова Алматы 2006
- Республикалық ғылыми – танымдық «Гүлстан» журналы 2009-2011
- Баранов В.Д., Устименко Г.В. «Мир культурных растений
- Васильев М.В. «Растения и человек»
- Лимаренко А.Ю., Палеева Т.В. «Атлас комнатных растений»
- FloweryVale.ru
- Биология 6- сынып оқулық К.Жүнісқызы, Р.Әлімқұлова, Қ.Жұмағұлова
- Биология 7- сынып оқулық
- http://www.od-flowers
- Қазақстанның Қызыл кітабы
- Ертегілер жинақ кітабы
