Ozattar – Қазақстан білім саласы үздіктерінің  энциклопедиясына қабылдау ережесі


19.02.2020, 13:11

«Ozattar энциклопедиясы» мекемесі Ozattar.kz сайты арқылы республикамыздағы білім саласының дамуына зор үлес қосып жүрген педагогтар мен дарынды оқушылардың есімдерін жинап, баспа өнімі ретінде жинақтау мақсатында Ozattar – Қазақстан білім саласы үздіктерінің  энциклопедиясын (бұдан әрі энциклопедия) жариялайды. Энциклопедия алғаш рет 2018 жылы А4 форматта, түрлі түсті, алтын түстес өрнекпен өрнектелген қалың мұқабада сапалы түрде жарық көрді. Жинаққа республикамыздағы білім беру ұйымдарынан үздік деп танылған 1500-нан астам білім саласының озаттары енгізілді.

Энциклопедияға өтініш беруші мамандардың педагогикалық еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы керек. Өтінімдерді қабылдау жұмыстары үшін ақылдастар алқасы құрылады. Республикалық Martebe.kzQaztest.kz сайттары ұйымдастырған байқаулардың жүлдегерлері энциклопедияға іріктеусіз енгізіледі.

Энциклопедияға енгендерге «Ozat pedagog» және «Oqý ozaty» төсбелгілері сыйға беріледі.

Қабылдау уақыты: Ақпан айының 20-нан мамыр айының 22-не дейін.

Жобаның ақпараттық демеушісі – «Қазақ үні» республикалық  қоғамдық – саяси апталығы мен «qazaquni.kz» ақпараттық агенттігі.

Ozattar.kz – Қазақстан білімділерінің энциклопедия сайты – 2017 жылы «Жылдың сапалы инновациялық жобасы» халықаралық байқауының жеңімпазы. 2019 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Ең үздік білім сайты» аталымының жеңімпазы атанды.

Толық ақпаратты +7 727 229 63 69; +7 700 600 63 04 телефондары арқылы біле аласыз.

 

Ozattar – Қазақстан білім саласы үздіктерінің энциклопедиясы жобасының ережесі

  1. Жалпы ереже
    • Ozattar – Қазақстан білім саласы үздіктерінің энциклопедиясының осы ережесі (әрі қарай – Ереже) құжаттар қабылдау және ұйымдастыру тәртібін анықтайды (әрі қарай – энциклопедия);
    • Педагогтар мен оқушылар Ozattar.kz сайтына тіркеліп, тегін онлайн портфолио жинақтай алады;
    • Жобаның ақпараттық демеушісі – «Қазақ үні» республикалық қоғамдық – саяси апталығы мен «qazaquni.kz» ақпараттық агенттігі;
    • Энциклопедия жайлы қосымша мәліметтер және толық ақпараттар ozattar.kz және martebe.kz республикалық білім сайттарында жарияланады;
    • Энциклопедияға қабылдау 20 ақпан мен 10 сәуір аралығында жүргізіледі;
    • Энциклопедияға ЖОО оқытушылары мен студенттері, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері мен оқушылары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері енгізіледі;
    • Энциклопедия шығаруда арнайы ақылдастар алқасы құрылады. Ақылдастар алқасы құрамына елімізге белгілі ғалымдар, ақын-жазушылар және білім саласына еңбегі сіңген педагогтар кіреді;
    • Баспа өнімін алу – ақылы,  қатысу ерікті негізде жүзеге асырылады.
  1. Баспа өнімін шығарудың мақсаты мен міндеттері:
    • Мемлекет басшысы қабылдаған «Педагог мәртебесі» туралы заң жобасының жүзеге асырылуына үлес қосу;
    • Білім саласы қызметкерлері мен дарынды оқушы жастардың есімін баспа және бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау;
    • Республикамыздағы білім беру саласы үздіктерінің есімі жинақталған сапалы баспа өнімін жинақтап шығару.
  1. Энциклопедияға құжаттар қабылдау өткізілуі мен тәртібі:
    • Құжаттар 20 ақпан мен 10 сәуір аралығында қабылданады;
    • Қабылдау уақыты біткеннен кейін құжаттар қабылдау тоқтатылады;
    • Құжаттар электронды форматта ozattar.kz@mail.ru электронды почтасы арқылы қабылданады;
    • Өтініштер толық қаралып, сараптаудан өткізіледі және кері қайтарылмайды.
  1. Энциклопедияға құжат тапсырушылар үшін қойылатын талаптар:
    • Өтініш берушілердің педагогикалық еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы керек;
    • Өтініш берушінің облыстық, республикалық деңгейдегі байқаулардан алған жетістіктерінің саны 5-тен кем болмауы;
    • Құжаттар мекеме басшысының ұсынуымен немесе жеке қатысушылардың өтініші арқылы қабылданады;
    • Өтініш құжаттары мен төлем жарнасы бір файлда жіберілуі тиіс;
    • Кітап жинақтау барысында талаптарға сай келмеген өтініштер жарамсыз деп танылып, төлем жарнасы кері қайтарылады;
    • Энциклопедияға байланысты сұрақтар ozattar.kz@mail.ru почтасына қабылданады.

 

ЭНЦИКЛОПЕДИЯ ЖАЙЛЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР

Өтініште келесі мәліметтер болуы тиіс

  • Өтініш берушінің толық аты-жөні; (Міндетті)
  • Қызмет атқаратын немесе білім алатын мекемесінің толық атауы (Облыс, аудан, қала, ауыл, мекеме атауы толық жазылуы керек); (Міндетті)
  • Жазбаша түрде соңғы 5 жылдағы жетістіктері (облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі рет-ретімен жазылуы керек); (Міндетті)
  • Сапалы 3х4 суреттің электронды нұсқасы (файлдың ішінде JPEG форматта); (Міндетті)
  • Кітап жеткізілетін мекен-жайы, индекс. (Міндетті)
  • Электронды почтасы мен байланыс номері. (Міндетті)
  • Мәліметтер Word форматында Times New Roman 14 қаріп түрімен жіберілуі тиіс (Файлдағы символдар саны 1500, сөз саны 200-ден аспауы қажет). (Міндетті)

Маңызды! Құжаттарды бір папкаға жинақтап, папка атауын қатысушының толық аты-жөнімен (файл, сурет, төлем квитанция атауы) сақтап, жібергеніңіз дұрыс. Бұл жинақтау барысында сіздің өтінішіңіздің дұрыс қаралуына әсер етеді.

2018 жылы жарық көрген эницклопедия макеті

Энциклопедияны алу құны: қызметкерлерге – 10 000 KZT (он мың теңге), оқушыларға – 9 000  KZT (тоғыз мың теңге). Ұйымдастырушылар жалпы ұстаздар қауымы мен оқушы жастардың күнделікті тағып жүруіне ыңғайлы жасалынған «Ozat pedagog» және «Oqý ozaty» төсбелгілерін барлық енгендерге сыйға беріледі.

«Ozat pedagog» және «Oqý ozaty» төсбелгілерінің эскизі

 

МАРАПАТТАР РӘСІМІ

Энцилопедияға енген педагог мамандарға Құрмет грамотасы, оқушы жастарға Мақтау қағазы беріледі. Жинаққа бір мекемеден 20 адамнан көп адам өтінім берсе, ұйымдастырушылар аталмыш мекемеге «Үздік ұжым» номинациясын (арнайы плакетка) тағайындайды. Марапаттар кітаптармен бірге өтінімде көрсетілген мекен-жайға 20 мамырға дейін жеткізіледі.

ТӨЛЕМ ЖАРНАСЫН ТӨЛЕУ ЖОЛДАРЫ

Біздің реквизит

Банк атауы: АО «Банк ЦентрКредит»;

БИК: KCJBKZKX

Мекеме атауы: TOO «Энциклопедия Ozattar»

БИН/ИИН: 200240013733

KZ588562203107733630 KZT

Кбе 17

Кнп 859

Төлем мақсаты: Ozattar энцилопедиясына ену үшін (Для участия в энциклопедии озаттар согласно письма от 17 февраля 2020) .

  1. Төлем жарнасын kaspi.kz қосымшасы арқылы төлеу. Ол үшін kaspi.kz-ке кіріп «Образование» - «Школы и Курсы» бөліміне «Энциклопедия Ozattar» деп тауып, керекті ақпараттарды толтырып төлем жасайсыз.
  2. Кез-келген банк бөлімшелері немесе казпочта арқылы жоғарыдағы реквизит арқылы төлем жіберу.

Қатысу үшін төлем жасау жөнінде және жинаққа қатысты туындаған сұрақтар бойынша қосымша ақпарат алу телефоны:

+7(727)2296369; +7 700 600 63 04

 

Кітап туралы ақпарат білу үшін төменге өтініш қалдырыңыз


Подать заявку