Тәрбиешілерге арналған «Үздік тәрбиеші» олимпиадасы өтуде


06.12.2019, 17:41

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты атанған  Martebe.kz республикалық білім порталы Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитетімен біріге отырып республикамыздағы мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері арасында өтетін ІV республикалық «Үздік балабақша тәрбиешісі»  олимпиадасын (бұдан әрі Олимпиада) жариялайды. Байқау биыл алғаш рет тест форматында өткізіледі. 

Олимпиадаға мектепке дейінгі ұйымдарда қызмет жасайтын тәрбиешілер қатыса алады. Олимпиаданың 1-кезеңінде типтік бағдарлама мен ҚР жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша, 2-кезеңінде білім беру әдістемесі бойынша беріледі. Олимпиада qaztest.kzсайтында өтеді. 

Олимпиада екі кезеңнен өткізіледі. Бірінші кезең уақыты: 20 қараша – 13 желтоқсан. Екінші кезең уақыты: 14 – 23 желтоқсан аралығы.

Қорытынды 24 желтоқсан күні сайтта жарияланады.

Олимпиада жүлдегерлеріне І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен және екі кезең нәтижесі бойынша ең жоғары ұпай алған 50 тәрбиеші «Үздік тәрбиеші» төсбелгісімен марапатталады.

Олимпиаданың ақпараттық демеушісі Martebe.kz республикалық білім порталы.

Олимпиада туралы толық ақпаратты +7(727) 229-63-69; +7 700 978 59 22; +7 775 998 83 87 телефондары арқылы білуіңізге болады.

 

Олимпиада ережесін алу үшін өтінім қалдырыңыз


Подать заявку