Миранбекова Динара Еркіналықызы
Достижения
Миранбекова Динара Еркіналықызы
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы Қалыбай негізгі орта мектебі
Ақтөбе облысының білім басқармасының Құрмет грамотасын алды. Облыстық пәндік олипиада бойынша ІІ дәрежелі диплом иегері. 2019 жылы «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» атынан Алғыс хат алды. Өнердің өрнегімен онлайн Республикалық балалар байқауына шәкірттерін дайындаған еңбегі және білімділер байқауына оқушы қатыстырғаны үшін марапатталды. 2018 жылы Республикалық дарынды оқушылар порталы ұйымдастырған шығармашылық байқаудан Алғыс хат. «Біздің мақтаныштарымыз» атты Республикалық дарынды, үздік оқушылар энциклопедиясының шығуына ат салысқаны үшін Алғыс хат алды.
2019 жылы «Ойын технологиясын сабақтарда қолдану тиімділігі» атты әдістемелік құрал жарық көрді. «Жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқыту тәсілдері» тақырыбындағы «Түбір және қосымша» ашық сабақ және «Педагогикалық даму» Республикалық ақпараттық –педагогикалық журналына «Мұғалім- менің мамандығым» атты мақаласы тіркелді. «Самғау» журналына «Коммуникативті дағды мен цифрлық білім беру байланысы» атты баяндамысы басылды. «Жаңа ғасыр таланттары» интеллектуалды-олимпиадалық,шығармашылық орталығының ұйымастыруымен «Мен жастарға сенемін!» байқауына жеңімпаз шәкірт дайындағаны үшін Құрмет грамотасы берілді. IV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның «Коммуникативті дағды мен цифрлық білім беру байланысы» тақырыбында баяндама оқыды. «Білімдегі инновация:тәжірибе,ізденіс және перспективалар» атты оқушыларға және жалпы білім беретін мектептер мен гимназия мұғалімдеріне, психологтарына, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған IV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, кәсіби деңгейде белсенділік танытқаны үшін сертификат алды.