Маханбетжанова Гульнар Маханбетхалиевна
Достижения
Маханбетжанова Гульнар Маханбетхалиевна
Нур-Султан қаласы Қазақ ұлттық өнеруниверситеті
Әдістемелік және оқу құралдарының, 50-ден астам оқу әдістемелік кешендер мен әдістемелік нұсқаулардың авторы. Жеке және есеп беру көрмелері «Ұрпақтар жалғасы» , «Нәзіктік сыры», «Шабыт шырқауы», «Жас акварелистер»-авторлық жоба, «Көктем шабыты», «Вернисаж», «Гүлдің нәрі». Дарынды студенттермен оқушылардың жеке көрмесін ұйымдастырушысы, шығармашылық жұмыстарының жетекшісі. 2018 жылдың 25 мамырында ашылған «Астана жауһарлары» атты көрме, оқушыларының 20 үздік жұмысы көрмеге ұсынылды. Халықаралық қатысқан көрме-конкурстары: Италия (Рим), Ресей (Санкт-Петербург, «Пулково» аэропортының галереясы, Воронеж, Кемерово), Грузия (Тбилиси), АҚШ, Индия (Дели), Франция. «Гүлдің нәрі» атты коллекция бойынша, дизайнерлік жеке көйлектердің авторы. Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты. Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі. Қазақстан Дизайнерлер Одағының мүшесі. Евразия Дизайнерлер Одағының мүшесі. Суретші –акварелист. Франция Арт Академиясының академигі. Ы.Алтырсарин төсбелгісінің иегері. «Көшбасшы педагог-2018»- білім және ғылым саласындағы ІІІ-ҰЛТТЫҚ ПРЕМИЯ иегері, Д.Қонаев атындағы орден иегері. 2019г. А.Құнанбаев медалімен марапатталды. 2019ж. «Білім саласындағы ерен еңбегі үшін» алтын орден иегері. 2019ж. Батуми қаласында өткен халықаралық конкурс фестивалінде- «Ең үздік көркем туынды» –дипломмен марапатталды. 2019жылы Білім беру саласындағы айрықша еңбегі үшін «Жылдың Жүз Үздік Бейнелеу Сызу Пәні Мұғалімі» атты төсбелгісімен марапатталды. 2020 жылы МЕДАЛЬ «Дизайн саласындағы жетістіктері үшін» марапатталды.