Харабай Еркегул
Достижения
Алматы облысы, Жамбыл ауданы
«Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2015 жылы «Арман ПВ» баспасынан жарық көрген 5-сыныпқа арналған оқулықтар кешенінің авторы, 2017 жылы Алматы Облысы мұғалімдердің біліктілігін арттыру орталығынан 8-9 сыныптарға арналған, «Планиметрия негіздері» атты таңдау курсына авторлық бағдарламасы шықты. Білім саласының дамуына қомақты үлес қосып ұстаздар сайтында көрсеткен белсенділігі үшін Алғыс хат, «Балалар Интелектуалдық Клубы» жобасы бойынша «Математика» пәнінен (іргелі деңгей) Қашықтық Халықаралық Монопәндік Супер жарысына оқушыларды дайындаған үшін Алғыс хат, 2018 жылы Жамбыл ауданы әкімінің Алғыс хатын иеленді. 2019 жылы Аудандық жылдың үздік мұғалімі байқауының ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. «Натурал санның бөлгіштерінің саны мен бөлгіштерінің қосындысы. Торлар теориясы» тақырыбында 6-сынып оқушысы Г. Серғазымен бірге жүргізген зерттеу жұмысы нәтижесінде облыстық 3-дәрежелі дипломмен марапатталды. 2017 жылы Кенгуру математикадан жарыста оқушылар 1,2 дәрежелі дипломдармен марапатталды Облыстық «Педагогикалық олимп» атты педагогикалық идеялар мен жобалар байқауы ІІІ дәрежелі, 2017 жылы Облыстық «Үздік математика пәнінің мұғалімі» атты сырттай байқауынан ІІІ дәрежелі диплом иегері. Ustaz tilegi Республикалық сайтында авторлық материал жариялағаны үшін 2018 жылы Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты алды. 2018 жылы «Математика» пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадасының жеңімпазы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2020 жылы Республикалық rio.kz олимпидасы 1-дәрежелі диплом иеленді.