Туреева Меруерт Кулмаханбетовна
Достижения
Туреева Меруерт Кулмаханбетовна
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Қарақұм елді-мекені
«Ақкөгершін» бөбекжай балабақшасы МКҚК
2016 жылы аудандық «Жылдың үздік педагог психологы-2016» байқауында І орынды иеленіп, аудандық білім бөлімінің басшысы М.Накиповтың мадақтамасы берілді. «Нұр Отан» партиясы Ордабасы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Б.Жәкейдің Алғыс хаты тағайындалды. «Мектепке дейінгі жастағы бала құзыреттілігін қалыптастырудағы жаңашыл әдіс–тәсілдерді қолдану» тақырыбында аудандық практикалық семинар өткізгені үшін Алғыс жарияланды. «Мектеп ұстаздарының әлемі» Республикалық педагогикалық журналының «Мен суретші боламын» тақырыбында ұйымдастырылған байқауда шәкірт тәрбиелегені үшін бас редактор С.А. Қайырованың Алғыс хатымен марапатталды. 2017 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы акционерлік қоғамы «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивтік білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу » атты курсты тәмамдады. Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Көкейдегі бар әлем» тақырыбындағы семинарға қатысып, сертификат иеленді. Martebe.kz ақпараттық білім порталында ІІІ Республикалық «Үздік балабақша тәрбиешісі» байқауының дипломы берілді. Qaztest.kz сайты ұйымдастырған І Республикалық «Үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкері» олимпиадасында 3-орын алды. 2019 жылы аудандық «Флипчарт сабағының үздік моделі» байқауында ІІ орынды иеленді. Балабақша тәрбиешілері арасындағы «Тәуелсіздік - бақытым» атты эссе жазу байқауында І дәрежені жеңіп алды. 2020 жылы Qaztest.kz қазақ тілді олимпиада сайтында балабақша қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған
ІІ Республикалық «Үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкері» олимпиадасының І және ІІІ дәрежелі дипломы мен және сертификатын иеленді. Аудандық «Ордабасы оттары» газетіне «Қызығушылық танытты» трениг жұмысы жарияланды.