Хуанар Айсауле
Достижения
ШҚО, Семей қаласы
«Құрылыс колледжі» КМҚК
Шығыс Қазақстан облысында құрылыс саласын дамытуға, сапа деңгейінің артуына және құрылысшының оң имиджін қалыптастыруға қосқан елеулі, ерең еңбегі және жоғары кәсіби шеберлігі үшін арнайы мадақтама және Құрмет грамотасы берілді. Ортақ ұлы мақсатқа жетудің жолында «Елбасы-ел тірегі» атты кезектен тыс президенттік сайлауда және Tarbie.org ұстаздар сайтында белсенділік танытқаны үшін Алғыс жарияланды. 2018 жылы Urker Mitec орталығының директоры
У.Э. Жумабековтан, ШҚО дін істер басқармасының басшысы А.Абдулдиннен және Ustaz tilegi Республикалық ұстаздар сайтында авторлық материал жариялағаны үшін Алғыс хат берілді. «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты III Республикалық педагогтар сайысында III орынға ие болып, марапатталды. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі атынан Алғыс хат алды. «От идеи до стартапа» бизнес-тренингке қатысты. «Радиотехника Және Байланыс Колледжі» КМҚК еңбегі сіңген қызметкері Манарбек Садықұлы Молдарахимовтың 70 жасқа толуына арналған «1941-1945-Жылғы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы байланыс саласының дамуы» атты Республикалық студенттік-зерттеушілік конференциясына үлес қосқаны үшін марапатталды. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты берілді. 72 сағат көлемінде «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік-модульдік технологияларын енгізудің ерекшеліктері» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженерлік техникалық қызметкерлерін Халықаралық талаптарға сәйкес біліктілігін арттыру курсынан өтті.