Төрехан Қайрат Төреханұлы
Достижения
Төрехан Қайрат Төреханұлы
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Тобыл қаласы Қостанай ауылшаруашылық колледжі КМҚК
Облыстың білім беру жүйесінің дамуына және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін Облыс әкімінің Құрмет грамотасы берілді. 2015 жылы «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» сарапшы куәлігі берілді. «Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру: жағдайы, тәжірибесі, келешегі» Халықаралық ғылыми – практикалық конференция қатысушысы. «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа формациядағы педагогі» сертификаты берілді. Педагогтарға арналған «Тұлға профилі» Республикалық олимпиада да
І орын иеленді. Республикалық «Үздік педагог» олимпиадасының жүлдегері. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық ұлттық интернет олимпиада жеңімпазы. Республикалық «Ұстаз – мектеп тірегі» журналының ұйымдастыруымен өткен пәндер арасындағы байқауда «Қазақстан тарихы» пәні бойынша білімді шәкірт дайындағаны үшін Алғыс хат берілді.