Танжарикова Асылгул Галымжановна
Достижения
Танжарикова Асылгул Галымжановна
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ ауылы
Кеңқияқ жалпы орта білім беретін мектебі
Білім беру саласында бәсекеге қабілетті тұлға даярлап жүрген еңбекқор ұстаз. «Үздік бастауыш класс мұғалімі-2015» аудандық РR акциясы байқауында бас жүлде, Облыс бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталып, «Біз бақытты баламыз!»атты Республикалық байқауға дарынды шәкірт дайындағаны үшін диплом және алғыс хатпен марапатталған. Республикалық Ұлан басылымының ұйымдастыруымен өткен байқауға оқушылар даярлағаны үшін алғыс хатпен, «Жас талант.кз» Республикалық байқауға жас жеткіншектерді жоғары дәрежеде дайындаудағы жоғары кәсіби іскерлігі үшін дипломмен және М. Мақатаевтың туған күніне орай өткен «Өшпес ғұмыр, өміршең – жыр» атты Халықаралық байқауда поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыра білгені үшін марапатталды. Сондай-ақ «Пони» Халықаралық байқауларын ұйымдастыруға белсене қатысқаны үшін бірнеше алғыс хатпен, дипломмен марапатталды. Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журналға сабағы шығарылып, «Үздік сабақ» көрсеткені үшін дипломмен және алғыс хатпен марапатталды. Бастауыш сыныптарға арналған «Қызықты математика» әдістемелік құралы жарық көрді. « «Өзін-өзі тану»пәнінің ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында, «Білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша үйде жеке оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, сертификатқа ие болды. Танжарикова Асылгул Галымжановна тәжірибелі, ізденімпаз, жаңашыл және ұйымдастырушылық қабілеті жоғары ұстаз.