Омар Нурдана
Достижения
ШҚО, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы «Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі» КММ
Республикалық «Өнеге» интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған байқауда шәкірттері жоғары нәтиже көрсеткені үшін, «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша жүлделі I орынды жеңіп алғаны үшін жетекші ретінде алғыс хатпен марапатталды. Қазақстан педагогтар қауымдастығының ұйымдастырыуымен өткізілген Республикалық «Педагогика саласының үздігі- 2019» байқауына қатысып, «Педагогика саласының үздігі – 2019» дипломымен және «Педагогика саласының үздігі» төсбелгісінің иегері атанды. «Қабілет» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық «Жаңа білім беру жүйесі: теория, ізденіс, практика» атты VI ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, ұсынған жұмыстарын үздік деп танылып, конференцияның материалдар жинағына енгізілді. Республикалық «Балбұлақ» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының атынан «Үздік ұстаз»төсбелгісін иемсденді. «Ұстаз мінбері» Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналға «Қазақ халқының тұрмыс-салт жырлары» атты ашық сабағы жарияланды. Түркістан қаласында өткен II «Алаш үміті» халықаралық рухани жаңғыру фестивалінде «Вокал» номинациясы бойынша «Алтын» жүлдені» жеңіп алғаны үшін, «Үздік ұстаз» дипломымен марапатталды.