Омарбекова Жазира Токеновна
Достижения
Алматы облысы, Талдықорған қаласы, «А.С.Макаренко атындағы №6
орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы» КММ
2017 жылы Қазақстан педагогтар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Үздік педагог – 2017» сайысында І дәрежелі диплом және «Білім беру ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды. 2017 жылы «БЕЙБІТШІЛІК ӘЛЕМІ» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «Құрмет грамотасы» және «Ризашылық хаты», «Халықаралық психологтар одағының мүшесі» төсбелгісін иеленді. Алматы облысы бойынша «Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында авторлық бағдарламасы жарық көрді. 2018 жылы «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының «Алғыс хатын», қалалық білім бөлімінің алғыс хатын иеленді. Астана қаласындағы «Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығының» «Құрмет грамотасымен» наградталды. Кәсіби маман ретінде «Білім беру ісінің үздіктері» кітабына есімі енді. 2018 жылы Республикалық «Ең үздік жыл психологы – 2018» шығармашылық байқауынан жүлделі І орынды иеленді. 2019 жылы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының» және Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасын алды.
2019 жылы Алматы облысы бойынша «Білім берудегі психология: заманауи мектепті психологиялық тұрғыда қамсыздандыру» тақырыбында өткен облыстық форумда іс-тәжірибе таратты.