Онбаева Индира Сарсенбековна

3494 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Достижения

Шымкент қаласы
Шымкент қаласы білім басқармасы №80 мектеп-лицей коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2016 жылы «Lagrange education» ағылшын курсын тәмәмдады. 2018 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалының Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Қалыптастырушы бағалау: жоспарлау, қолдану, нәтижелерді талдау және кері байланыс беру» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсын аяқтады. 2019 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқыту процесін жобалау» тақырыбында курсын, 2019 жылы «Білікті ұстаз» Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журналында жоғары дәрежеде белсенділік танытқаным үшін алғыс хатпен марапатталды. 2019 жылы Білім беру саласында аянбай еңбек етіп, жастарды тәрбиелеуде үлес қосқаны үшін «Nur Otan» партиясының алғыс хат иегері атанды. 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттың ұлы мұрасы» халықаралық өнер және білім фестивалінің өтуіне үлес қосып, шәкірттері жоғары нәтиже көрсеткені үшін мақтау қағазы берілді. 2019 жылы «Ұлы Даланың жаңа тынысы: білім беру әлеуетін арттыруда идеядан нақтылыққа» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференцияда «Тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы жағдай жасау» тақырыбында баяндама оқығаным үшін мақтау қағазымен марапатталды. 2020 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағын пәнаралық байланыс негізінде оқыту мәселелері» атты қазақ тілі мен әдебиетін интеграциялап оқытуға арналған әдістемелік көмекші құралы жарияланды. 2020 жылы «Алпамыс батыр жыры Ақселеу Сейдімбектің зерттеулерінде» тақырыбында мақаласы жарияланды. 2020 жылы «Daryn.online» білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесіп педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған І Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының ІІІ дәрежелі жүлдегері атанды. 2020 жылы Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілі мектептеріндегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша курсын аяқтады.