Сагинова Жайлан Курмангалиевна

3638 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Достижения

Сагинова Жайлан Курмангалиевна
Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы
№ 9 жалпы орта білім беретін мектеп
2015 жылы Ropilkov.ru ұстаздар сайтында дүниетанудан «Қысқы еңбек» сабағы жарияланғаны туралы куәлік, 2015 жылы Ropilkov.ru ұстаздар сайтында өмір қорғау негіздерінен «Қауіпсіздік» сабағы жарияланғаны туралы куәлік алды. 2015-2016 жылы Infourok.ru сайтында өзінің жеке сайтын ашқандығы үшін сертификат және «Өткенді пысықтау», «Өрнектер а+2; а-2; а+3; а-3», «26+24; 50-24», «Қауіпсіздік» тақырыбында сабағы жарияланғаны туралы куәлік иеленді. 2016 жылы Ropilkov.ru сайтында математикадан «Өткенді пысықтау» сабағым жарияланғаны туралы куәлік берілді. Sabag.kz ұстаздарға арналған танымдық-әдістемелік сайтына «Математикадан 4-сыныпқа арналған факультатифтік сабақтың жоспары» тақырыбындағы жоспарлар топтамасын жариялағаны үшін сертификат иеленді. 2016 жылы Sabag.kz ұстаздарға арналған танымдық-әдістемелік сайтының дамуына ат салысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. 2016 жылы Sabag. kz ұстаздарға арналған танымдық-әдістемелік сайтына «Математикадан 4- сыныпқа арналған факультатифтік сабақтың жоспары» тақырыбындағы жоспарлар топтамасын жариялағаны үшін алғыс хат иеленді. 2016 жылы «Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі» атты ғылыми-әдістемелік журналдың №2 санында математикадан «Өрнектерді салыстыру» атты сабағы жарияланды. 2016 жылы «Бастау» ІХ Республикалық математикалық турнирінің І кезеңіне оқушыларды белсенділікпен қатыстырып, жақсы дайындағаны үшін алғыс хат берілді. 2016 жылы Халықаралық «Наланда-2016» олимпиадасына оқушыларды дайындағаны үшін сертификат берілді. 2017-2018 оқу жылы ҚР Астана қаласы Бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиада орталығының Мақтау қағазымен мадақталды. 2018 жылы «Мектеп ұстаздарының әлемі» Республикалық педагогикалық журналынының «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» сырттай байқауының І орын диплом иегері. 2018 жылы «Мектеп ұстаздарының әлемі» Республикалық педагогикалық журналынан және 2019 жылы Зияткер.кз сайтынан Алғыс хатпен марапатталды. 2019 жылы «Білім беру саласындағы 100 жаңа есім» энциклопедиясына енді және Құрмет грамотасы, Төсбелгі иегері. 2020 жылы «Математика» пәнінен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Республикалық «Педстарт» қашықтық олимпиадасының І орын диплом иегері.