Айтмұханбетов Нұрберген

302 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Достижения

Айтмұханбетов Нұрберген
Алматы қаласы, мамандандырылған «Білім Инновация» лицей –интернатының оқушысы
Оқу озаты. Мектеп президенті. 2016 жылы Қазақстан Республикасының мектеп пен колледж оқушылары арасындағы VІІІ және ІХ жазғы спартакиадасында І орын иеленді. Түрксіб ауданы әкімінің кубогына арналған 18 жасқа дейінгі балалардың арасында ашық өңірлік Авиамодель спорттық біріншілік жарысынан І орын иеленді. Алматы облысы ашық Чемпионатында әуе моделі спорты бойынша FІА модельдер классының жыл сайынғы І орын иегері. «Ғарышқа саяхат» атты Облыстық қашықтан өткен байқауда І орын алды. Қалалық Қазақстан Республикасының ашық чемпионатында әуе моделі және ракета моделі спорты бойынша жеңімпаз. Жас Отан Жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен «Волонтерлар жылына» байланысты өткен Жас Отан дебатында «Үздік спикер» атанды. Республикалық техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың Республикалық жарысында «Планер F-1-А» әуе модельдері класы бойынша жүлдегер. 2019 жылы «Аналар – Асыл жандар» Республикалық балалар мен жасөспірімдер байқауы байқауы «Көркемсөз» номинациясының І орын жүлдегері. «Атамекен» атты Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы патриоттық өнер байқауы «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша І орын жүлдегері. Nio.kz «Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада» сайты «Өзін-өзі тану» пәні арасында ұйымдастырған қашықтық олимпиадасының І дәрежелі диплом иегері. 2016 жылы Австралияның Сидней қаласында өткен ХVІ Халықаралық тіл және мәдениет фестиваліне қатысқаны үшін арнайы сертификат берілді. V Халықаралық балалар, жасөспірімдер мен жастарға арналған «Музыкальное созвездие» атты өнер байқауында «Аспаптық орындаушылық, Домбыра» номинациясы бойынша ІІ орын; Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы құрметіне арналған «Мәңгілік ел, Қазақстаным!» ғылыми-практикалық конференциясындағы құнды ғылыми-жобасы бас жүлдені жеңіп алды.