Жуламанова Кымбат Нурлановна

565 место в рейтинге
  • Общий бал: 3
  • /
  • Проголосовало: 2

Достижения

Қостанай облысы, Қостанай қаласы, №17 орта мектебі
2015 жылы «Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы» жұмыс дәптері, 2016 жылы «Тарих және тұлға» қолданбалы курс бағдарламасы жарыққа шықты. Отбасылық тәрбие және білім беру құралдары арқылы балалар мен жеткіншектердің діни мәдениетін қалыптастыру» Халықаралық конференциясына мақаласы шықты. 2017 жылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. Дарынды балаларға арналған Білім-инновация лицей-интернатынан оқушыларын білім сайысына дайындағаны үшін Алғыс хатқа ие болды. 2018 жылы Дарынды балаларға арналған Білім-инновация лицей-интернатынан тест сынақтарына тарих пәні бойынша тест тапсырмаларын әзірлеу мен сараптама жұмыстарына атсалысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. «Абай және Әл-Фараби мұрасы-әлемдік мәдениеттің қазынасы» қалалық ғылыми-практикалық конференциясында III орын дипломына ие болды. 2019 жылы «II GLOBAL teaching Qazsag» Халықаралық форумына қатысып дипломға ие болды. «Қазақстан тарихы: Ұлы даланың жеті қыры» Республикалық қашықтық олимпиадасында 3-орын грамотасымен марапатталды. Дарынды балаларға арналған Білім – инновация лицей-интернатынан қызмет атқарып мол үлес қосқан үшін Алғыс хатқа ие болды.