Жумашова Женискуль Мырзагалиевна
Достижения
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Байқоңыр қаласы №273 орта мектеп
2015 жылы Халықаралық олимпиадаға оқушыларды дайындағаны үшін мадақтама берілді. Халықаралық «Пони» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін сапалы дайындағаны үшін дипломмен, Алғыс хатпен марапатталды. Байқоңыр қаласының кәсіподақ комитетінен көп жылдық еңбегімен жасұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие бергені үшін марапатталды. 2016 жылы «педагогикалық инновациялар мүмкіндіктері» тақырыбында өткізілген Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушы ретінде «Синергия» ғылыми әдістемелік орталығынан дипломмен марапатталды. 2018 жылы Республикалық мұғалімдер арасындағы қазақстан тарихы пәні бойынша қашықтық олимпиадасыны қатысқаны үшін Республикалық «Нұрлы әлем» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын дамыту орталығынан дипломға ие болды. 2019 жылы Халықаралық «Пони» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін сапалы дайындағаны үшін дипломмен марапатталды. Аудандық «Үздік тарихшы-2019» байқауында ІІ орын алғаны үшін Аудандық білім бөлімінің басшысынан мадақтамасына ие болды. ҚР Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz сайытында дарынды оқушыларды анықтау мақсатында «Қазақстан тарихы» пәнінен ұйымдастырылған Республикалық оқушылар олимпиадасының жетекші мұғалімі ретінде дипломмен марапатталды.