Заманбек Серикгул

1263 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Достижения

Ақмола облысы, Целиноград ауданы «Аялы–Ай» балабақшасы МКҚК

Еңбек өтілі 10 жыл. ІІ санатты педагог


2014 – 2015 оқу жылының қорытындысы бойынша оқушыларды оқытуда және тәрбиелеуде шығармашылықпен қажырлы еңбек етіп, жоғары нәтижеге жеткені үшін аудандық білім бөлімінің мадақтамасымен марапатталды. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 – жылдығына орай Аудан әкімінің «Алғыс хаты» берілді. Абылай ханның 300 жылдық мерейтойына арналған іс – шаралар шеңберінде ұйымдастырылған «Қазақ келіні» облыстық сайысына белсенді қатысқаны үшін – «Алғыс хат» алды. Республикалық «Үркер» зияткерлік орталығының алғыс хатымен және мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткен «Жаңа жылдық калейдоскоп» республикалық интернет – байқауында жүлдегерін жоғары дәрежеде дайындағаны үшін «Дипломмен» марапатталды. Рухани жаңғыру аясында Республикалық мектеп жасына дейінгі жастағы балалар арасында сырттай ұйымдастырылған «Қысқы ертегі – 2018» байқауына қатысып, «Алғыс хат» алды. Республикалық деңгейдегі түрлі ғылыми-практикалық конференциялар мен семинар тренингтерге және біліктілікті арттыру курстарына қатысып, сертификаттар алды. Балабақша тәрбиеленушісі Хлебов Райль мемлекеттік тілді үйреніп жатқан өзге ұлт өкілдеріне арналған мектепке дейінгі, мектеп алды жасындағы және бірінші сынып оқушыларына арасында аудандық шығармашылық конкурстың «Музыкалық қонақжай» номинациясы бойынша жүлделі І орын алды. Мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткен «Жаңа жылдық калейдоскоп» республикалық интернет байқауында Нурдбай Шұғыла ІІ орын иеленіп, дипломмен марапатталды.