Заурбекова Жанар Токтаровна

1268 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Достижения

Жамбыл облысы, Сарысу ауданы Б. Адамбаев атындағы тірек орта мектебі

Еңбек өтілі 20 жыл. Жоғары санатты педагог

2013 жылы «Бастауыш сыныпта ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру технологиясы» атты облыстық семинар- практикумда шығармашылық есеп беріп, Жамбыл облысы білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. Бұл жұмыс облыстық «Бастауыш сыныпта ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру технологиясы» атты жинаққа енгізілді. 2017 жылы Аудандық «Үздік ашық сабақ» байқауында үздік жұмыс тәжірибесін көрсете білгені үшін І орынмен марапатталды. 2017 жылы «Ұлттық құндылықтар мен инновациялық идеялар» атты республикалық ғылыми жобалардың материалдар жинағына «Менің сүйікті үй жануарларым» тақырыбындағы сабағы енгізілді. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Жамбыл облыстық білім департаменті Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімі 2017 жылы «Сыни тұрғыда ойлауды дамыту технологиясын мектептің оқу – тәрбие үдерісінде қолдану тәжірибесі» атты оқу- әдістемелік құрал жинағына «Ф ф» дыбысы тақырыбындағы сабағы енгізілді. 20. 09. 2016- 03. 11. 2017 жыл аралығында өткен «Оқытудың интербелсенді әдістері- сыни ойлауды дамыту құралы» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсына қатысқаны үшін «АКМЕ» ғылыми – зерттеу орталығынан сертификат берілді. «Ұлттық құндылықтар мен инновациялық идеялар» атты республикалық ғылыми жобалар байқауының «үздік ғылыми жоба» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. 2018 жылы Бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткен Республикалық Ұлттық интернет Олимпиада жүлдегері, ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.
Шәкірттері қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі түрлі байқауларда жүлделі орындарға ие болды.