Отегенова Ляззат Куандыковна
Достижения
Алматы қаласы, Әуезов ауданы №104 мектеп
Еңбек өтілі 21 жыл
«Арналы бұлақ- асыл сөз» әдебиеттік оқу таңдау курсына арналған дербес авторлық оқу бағдарламасының авторы.
Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференцияның материал жинағына «Бастауыш сыныптың сауат ашу сабақтарында ойын технологиясын қолдану жолдары» атты мақаласы жарияланды. «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауына, Халықаралық ПОНИ турниріне, «Бастау» IX Республикалық математикалық турниріне оқушы дайындағаны үшін дипломмен марапатталды. «Әдіскер әлемі» Республикалық оқу-әдістемелік журналында әдебиеттік оқу пәнінен «Дақылдар әні» ашық сабағы жарық көрді. «Білімді жастар – Қазақстанның келешегі 2050» Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы «Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби біліктілігінің оқушыларға білім беру» мақаласы жарияланды. Бастауыш мектеп оқушылары арасындағы «Экоша» зерттеу жұмыстарының қалалық байқауынан оқушысы 3-орын алды. Білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру институты даярлаған «Білім негізі -бастауышта» кітабына сабағы жарияланды. Халықаралық энциклопедияның «Білім саласының үздіктері» бөліміне енгізілді. Республикалық мұғалімдерінің әдістемелік мақалалар жинағына әдебиеттік оқу сабағынан «Асығым» атты ашық сабағы жарияланды. Жарияланған мақаласының құндылығы үшін алғыс хатпен марапатталды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 2017 жылдың 27 ақпанында өткен студенттер мен жас ғалымдардың «Білім - Ғылым - Инновация» атты халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясына қатысып, нәтижелі жұмыс жасағаны үшін грамотамен марапатталды. «Қазақстан Ұстазы» алғыс хатының иегері.