Хасенова Бибигуль Зейнегабылденовна
Достижения
ШҚО, Көкпекті ауданы, Самар аулы Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицей
Еңбек өтілі 24 жыл. Жоғары санатты педагог
Білім саласындағы жетістіктері үшін бірнеше рет аудандық білім бөлімінің мадақтамасымен марапатталды. «Ауылдың үздік мұғалімі» аймақтық байқауында 1-орын, аудандық байқауда 2-орын иеленді. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің Алғыс хатымен марапатталды. «Қазіргі білім беру жүйесі: Мәселелері мен даму болашағы» Халықаралық Ғылыми тәжірибелік конференциясында сертификат алды. 2013 жылы Қазақ тілі пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадасынан сертификат алды. Халықаралық Сертификат «Жаһандану жағдайында тіл мен әдебиетті оқыту мәселелері»; 2014 жылы Сертификат « Мәңгілік ел»- болу мақсат-мүддесін жүзеге асыру» Облыстық филологтар форумы; 2015 жылы Қазақ тілі пәні бойынша мұғалімдерге арналған қашықтық олимпиадасында II Дәрежелі Дипломмен марапатталды. 2017 жылы «Қазақстан ұстазы» қазақ тілі пәні бойынша мұғалімдерге арналған байқауда 1 дәрежелі диплом; 2016 жылы аудандық «Қ.О.Бітібаеваның «Мектепте Абайтанудың жаңашыл технологиясы негізінде оқушылардың шығармашылығын дамыту, ғылыми жұмысқа баулу мәселелері» аудандық педагогикалық оқуларда 2-орын; 2017 жылы қазақ тілі пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадасының қатысушысы, облыс бойынша 3-орын, аудан бойынша 2-орын алды. Публикациялары республикалық, халықаралық интернет басылымдарға жарияланып, сертификаттар алды. Республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысып, баяндама жасады. Оқушылары республикалық, халықаралық деңгейдегі шығармашылық байқаулар мен олимпиадаларға қатысып, жүлдегер атанды.