Оразахынова Майгүл Батырханқызы
Достижения
Алматы қаласы Әуезов ауданы №104 жалпы білім беретін мектеп
Еңбек өтілі 25 жыл. Жоғары санатты педагог
ҚР «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалінің иегері. «Жоғары сыныптың оқушыларын рухани- адамгершілік пен патриоттыққа тәрбиелеудің әдістемелік нұсқаулығы» әдістемелік құралдың авторы. 2014 жылы «Ғылым- білім- инновация» атты Республикалық конференциясына қатысып, «Ауыр металдардың біржылдық өсімдік- итқонаққа әсері» материалы кітапқа жарияланды. 2014 жылдан бері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алматы қаласының Білім саласындағы бақылау департаментінің мемлекеттік аттестаттау комиссиясының мүшесі. 2014 жылы 10 «А» сынып оқушысы Дәркенбай Жұлдыз Жас натуралистер мен экологтардың «Қазақстан- менің елім» Республикалық форумында «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы бойынша ІІ- орын алды. 2015 жылы Ресейдің Новосибирск қаласында өткен мектеп оқушыларының ХІІ халықаралық ғылыми жоба жарысында 11 «А» сынып оқушысы Тлеуханова Сая лауреат атанды, жетекшісі ретінде дипломмен марапатталды. 2016-2017 оқу жылы Әуезов аудандық Білім бөлімі мен «Ұстаз» кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткен кабинеттер байқауында «Бас жүлде» иеленді. «TURAN-JUNIOR-2016» ХІҮ қалалық ғылыми жобалар байқауына оқушы даярлағаны үшін марапатталды. «Білім әлемі» Республикалық ғылыми- әдістемелік педагогикалық мерзімді баспасөз басылымы ұйымдастырған іс- шараларға қосқан үлесі үшін; «Білім шыңы- ғылым сыры» педагогтар мен оқушыларға арналған Республикалық журналға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Алматы қаласы Педагогикалық шеберлік орталығының филиалы ұйымдастырған «Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасын аяқтады. Республикалық деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындарға ие болып, мектеп мақтанышы болып жүрген шәкірттері жетерлік.