Шамжанова Клара Жолдасовна
Достижения
Ақтөбе облысы, Алға ауданы Бестамақ орта мектебі
Еңбек өтілі 35 жыл. Жоғары санатты педагог
«Қазіргі заманғы білім беру жағдайында дарындылықты дамыту» тақырыбында облыстық семинар, сертификат. Математика пәні бойынша облыстық педагогикалық олимпиадада 3-дәрежелі дипломмен марапатталды. «Логика элементтерін қолдана отырып,элементарлық математикалық танымдық қалыптастыруда үздік бейіндік бағдарлама» атты облыстық байқауында «Өзекті бағдарлама» номинациясын алды. Алға аудандық білім бөлімінен және білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымынан белсенді қызметі үшін «Алғыс хатымен» марапатталды. Білім беру жүйесіндегі жемісті еңбегі және 2015-2016 оқу жылында «Алтын белгі» иегерлерін оқыту мен тәрбиелеуде жоғары нәтижеге қол жеткізгені үшін Мерке шипажайында демалуға жолдама берілді. 2016 жылы «Қазақстан ұстаздары» математика пәнінен республикалық қашықтық олимпиадасына жүлдегерлер даярлағаны үшін Алғыс хат берілді. «Қазақстан ұстаздары» математика пәнінен республикалық қашықтық олимпиадасында І дәрежелі дипломмен марапатталды. Алға аудандық білім бөлімінен және білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымынан белсенді қызметі үшін «Алғыс хатымен» марапатталды. «Математика пәнінен Ұлттық бірыңғай тестілеу есептерін шығару» әдістемелік оқулықтың авторы. Шәкірттері «Қазақстан ұстаздары» математика пәнінен республикалық қашықтық олимпиадаларының жүлдегерлері.