Жаманкулова Акмарал Тохжановна

1402 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Достижения

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылы
«Боранқұл орта мектебі» КММ

Еңбек өтілі 31 жыл. Жоғары санатты педагог

Аудандық білім бөлімінің, облыстық білім басқармасының «Құрмет грамоталары» иегері. 2016 жылы «Бүгінгі өскелең ұрпаққа әлемдік стандарттар деңгейінде білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі» атты мұғалімдердің халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында І дәрежелі диплом. «Физика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру іс-тәжірибемнен» тақырыбындағы іс-тәжірибесі аудан, облыс көлеміне таратылды. 2012 жылы Алматы қаласы «Ғылым» баспасынан шыққан «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» тақырыбындағы ҚР Білім беру жүйесінің үздік қызметкерлері енгізілген жинаққа шықты (237-бет). 2012 жылы жазда О.Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған РФМШ ұйымдастыруымен өткен «ФизМат» республикалық конкурсының жеңімпазы грамотасын оқушысы Ағынова Марфуға иеленді. 2012-2013 оқу жылы «Адам-Жер-Әлем» астроғарыштық тақырыпта өзін-өзі тану элементтерімен үздік тұсаукесер республикалық сырттай конкурсында 9-сынып оқушылар Сағынбаева Айнагүл мен Мендалиева Жансая ІІІ орын иеленді. 2013-2014 оқу жылында аудандық пәндік олимпиадада физика пәні бойынша 11-сынып оқушысы Ботабаев Нұрсұлтан ІІІ орын иеленсе, 2014-2015 оқу жылы 9-сынып оқушысы Қазығұлов Бердібек ІІІ орын иеленді. 2015-2016 оқу жылында республикалық Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңінде 11-сынып оқушысы Досқайырова Жадыра қатысып І орын иеленді. 2013-2014 оқу жылы Гулшат Орынгалиевна «КИО» республикалық қашықтық олимпиадасына 7 оқушы қатыстырып, оның екеуі «Үздік нәтиже» сертификатымен марапатталды.