Жусупова Алия Базылжановна
Достижения
Ақтөбе облысы Ембі қалалық №4 жалпы жалпы білім беретін орта мектебі
Еңбек өтілі 25 жыл. Жоғары санатты педагог
I республикалық мұғалімдер, оқытушылар мен тәрбиешілерге арналған конкурста «XXI ғасырдың үздік педагогы» I дәрежелі дипломмен марапатталды, 2016 жыл. Ақтөбе облысының білім басқармасы «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығынан Бастауыш класс мұғалімдерінің облыстық педагогикалық олимпиадасында III орын иеленді, 2014 жыл. Мұғалжар аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты, 2017 жыл; Мұғалжар аудандық білім бөлімінің жалпы білім беретін мектептердің 2-4 класс оқушылары арасында өткізілген республикалық «Бастау» атты математикалық олимпиадасына жетекшілік еткені үшін алғыс хатпен және ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. КИО бастауыш класс мұғалімдеріне арналған республикалық қашықтықтан олимпиадасы аудандық кезеңде III орын алды, 2017 жыл. «Бастауыш сыныптарда сын тұрғысынан ойлауды пайдаланудың тиімділігі» атты біліктілікті арттыру курсын аяқтады, Ақтөбе облыстық «Дарындылық» оқу-білім мекемесі, 2016 жыл; Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы «Азамат-патриоттың егеменді тұлғасын қалыптастыру жолдары» семинарына қатысқаны үшін сертификат берілді, 2017жыл. «Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарына «Жаңа технологиялар – сапалы білім негізі» тақырыбындағы баяндамасы енгізіліп, жинақта жарық көрді, 2014 жыл; Халықаралық «Қазіргі таңдағы білім берудегі өзекті мәселелер: ізденіс пен даму перспективалары» атты ғылыми-практикалық интернет-конференция материалдарына «Бастауыш кластарда ойын технологиясын тиімді пайдалану» тақырыбындағы баяндамасы енгізілді. Оқушылары қалалық, облыстық, республикалық ғылыми жобалар байқауы мен республикалық «Бастау» атты математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінің жүлдегерлері.