Жарасова Асель Ондасыновна

1500 место в рейтинге
  • Общий бал: 0
  • /
  • Проголосовало: 0

Достижения

Алматы қаласы Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия

Еңбек өтілі 8 жыл. Жоғары санатты педагог

Республикалық «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» атты VI республикалық педагогикалық олимпиадасының I дәрежелі диплом иегері. Дарын орталығы ұйымдастырған География пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадасының III дәрежелі дипломымен марапатталды. ҚР педагог қызметкерлерінің үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсын аяқтады. Назарбаев зияткерлік мектептері ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» атты педагог кадрларды даярлайтын мектеп тренері курсының сертификаты берілді. 2016 жылы Назарбаев зияткерлік мектептері ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген География және Жаратылыстану пәндерінен жаңартылған білім бағдарламасының курсын тәмамдаған. Алмалы ауданы оқу бөлімінің грамотасымен және Алматы қаласы әкімі Б.Байбектің алғыс хатымен марапатталған. 2015 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының грамотасы берілді. Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығында онлайн режимінде интерактивті сабақ өткізді. Назарбаев зияткерлік мектептері ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Үздік сындарлы сабақ» байқауының сертификатымен марапатталған. 2016 жылы География пәні бойынша мұғалімдерге арналған II Республикалық қашықтық олимпиадасының II дәрежелі диплом иегері атанды. ЮНЕСКО ассоциациялық мектептері ұйымдастырған «ШАГ В БУДУЩЕЕ» атты халықаралық ғылыми конференциясының алғыс хатымен марапатталған.
Шәкірттері ЮНЕСКО ассоциациялық мектептері ұйымдастырған «ШАГ В БУДУЩЕЕ» атты халықаралық ғылыми конференциясының жеңімпаздары.