Илямова Гулбакрам Камаловна
Достижения
Алматы қаласы Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназия
Еңбек өтілі 28 жыл. Жоғары санатты педагог
Ұйғыр тілі пәнінен сабақтың технологиялық картасын әзерлеу бойынша әдістемелік ұсынымдама әзірлеген, Астана, 2014 жыл. «Оқуш китави» 4-сыныпқа арналған оқулықтың қосалқы авторы, Алматы, 2015 жыл. 11 жылдық мектептің 5-9-сыныпқа арналған «Ұйғыр әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасын авторы, Астана, 2014 жыл. 11 жылдық мектептің 10-11 сыныпқа арналған «Химия», 1-4 сыныптарына арналған «Музыка», даярлық сыныптарына арналған «Еңбек» пәні оқулығы және методикалық әдістемелік нұсқаулығы мен «Сауат ашу», 5-6 сыныптарына арналған «Музыка», 8-10 сыныптарына арналған «Өзін өзі тану» пәндерінің оқу бағдарламасын ұйғыр тіліне аударған, Астана қаласы.
5-6 сыныптарға арналған ұйғыр әдебиеті пәнінен «Ұйғыр жазуға негізделген араб графикасы» бағдарламасының авторы. 2017 жылы «Баршаға білім беру» ғылыми және әдістемелік журналында “Муәллимниң кәспий чевәрлиги вә униң риқабәтчиликкә қабил шәхсни шәкилләндүрүштики роли” мақаласы жарияланды, Алматы, 2016 жыл. «Ана мәктәп» журналында «М.Қәшқәрий вә униң «Дивану луғәтит түрк» дастани» тақырыбында біріктірілген сабақ үлгісі жарияланды.