Искакова Айгүл Олжайқызы
Достижения
Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ селосы
Бестамақ орта мектебі
Еңбек өтілі 11 жыл, І санатты педагог
2013 жылы облыстық педагогикалық олимпиадада қазіргі білім үрдісіндегі педагогикалық шеберлігін және кәсіби,әдістемелік біліктігін көрсеткені үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды, Ақтөбе. Облыс көлемінде өткізілген on-line режиміндегі сабақта педагогикалық шеберлігін жоғары деңгейде көрсеткені үшін алғыс хат берілді; 2014 жылы «Жаңашыл мұғалім ретінде инновациялық технологияларды оқу үрдісіне енгізудегі жұмыстарды атқаруда қосқан үлесі үшін Алғыс хат берілді. 2014 жылы Республикалық қашықтық олимпиадада аудан бойынша үздік нәтиже көрсеткені үшін сертификат берілді. 2015 жылы «Дәстүрлі емес сабақ-2015» облыстық байқауында ІІ дәрежелі диплом иеленді. 2016 жылы инклюзивті білім берумен жұмыс жасайтын мұғалімдерге арналған облыстық олимпиадада терең білімі мен кәсіби шеберлігін танытып ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2017 жылы «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын география, биология, химия сабақтарында қолдану ерекшеліктері» тақырыбындағы аудандық семинар-практикумында жас ұрпаққа сапалы білім берудегі іс-тәжірибесін, кәсіби біліктілігін жаңашылдық тұрғыда көрсете білгені үшін алғыс хат берілді. 2018 жыл білім беру саласында ұзақ жылдар еңбегі мен саладағы қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтары және мүдделерін қорғаудағы белсенді қызметі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. 2018 жылы Химия пәнінен мұғалімдері арасындағы облыстық пәндік олимпиадада І орынға ие болғаны үшін диплом табысталды. 2018 жыл Халықаралық «Мұғалім портфолиосы» конкурсына қатысып, ІІ орынға қол жеткізді. Түрлі піндік олимпиадалар мен байқаулардан жүлделі орындарға ие болып жүрген жәкірттері бар.