Кагазбаева Кымбат Рамазановна

655 место в рейтинге
  • Общий бал: 1
  • /
  • Проголосовало: 1

Достижения

ШҚО, Семей қаласы Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп

Еңбек өтілі 11 жыл. І санатты педагог

Қымбат Рамазанқызы – жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында аянбай еңбек етіп жүрген ізденімпаз, жаңашыл ұстаз. 2013 жылы авторлық білім беру бағдарламалары әдістемелік материалдарының байқауына қатысып III орын иеленіп, мақтау қағазымен марапатталды. 2014 жылы «Инновациялық педагогикалық идеялар» республикалық фестивалінің қалалық кезеңінде «Әр түрлі сабақ, бірақ әрқайсысында шебердің өз қолы» номинациясы бойынша III орын ие болды. 2014 жыл Республикалық инновациялық –педагогикалық идеялар фестивалінің облыстық кезеңіне қатысқаны үшін «Сертификат» иеленді. 2014 жыл «Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыптастыру жолдары» Профессор О.Сыздықов атындағы инновациялық технологиялар орталығынан III дәрежелі диплом алды. Семей қаласы білім бөлімінің «Грамотасымен» марапатталды. 2017 жылы IX Республикалық «Жырлайды жүрек» атты М.Мақатаевтың оқуларына оқушы дайындағаны үшін Алғыс хат табысталды. 2017 жылы Республикалық Ұлттық Интернет олимпиадада бастауыш сынып мұғалімдері арасында II дәрежелі дипломмен марапатталды. 2017 жыл ҚР-да орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 120 академиялық сағат көлемінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының курсын бітіріп шықты. «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Бастауыш сыныптар» пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиада 1 дәрежелі диплом иегері атанды. «Наурыз нақыштары» атты республикалық шығармашылық сайыста І дәрежелі дипломмен марапатталды.