Карабаева Жанна Минаписовна

403 место в рейтинге
  • Общий бал: 3
  • /
  • Проголосовало: 2

Достижения

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Байзақ ауылы, Сыдық Абланов атындағы орта мектебі

Еңбек өтілі 25 жыл. Жоғары санатты педагог

2014 оқу жылында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдстемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өткен облыстық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауына қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2014 жылы облыстық биология пәні мұғалімдеріне арналған «Білім сапасын арттырудағы АКТ мен оқыту технологияларының маңызы» тақырыбымен өткен семинар-практикумында авторлық бағдарамасын қорғап, сертификат алды. 2015 жылы «Тест News.KZ» республикалық әдістемелік-педагогикалық журналының № 1 санында сабақты зерттеуде «Lesson study тәсілін қолдану-бүгінгі уақыт талабы» тақырыбында мақаласы мен зерттеу сабағының үлгісі жарияланды. 2015 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ұйымдастыруымен өткен «Мәңгілік Ел» идеясы және білім берудегі модернизация» атты республикалық ғылыми практикалық конференциясына «Критериалды бағалау- оқушының оқудағы жетістігін анықтау өлшемі» тақырыбында баяндама оқып, тәжірибесімен бөлісті. Сертификат №185; 2015 жылы халықаралық Ресейдің ЭКА жасыл қозғалысы. «Хранители воды» экосабақ жобасына қатысып, дипломмен марапатталды. 2015 жылы Алматы қаласының «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық «Мен және менің коучингім» байқауына қатысып, «Коучинг сабағының үздік жоспары» номинация жеңімпазы атандып грамотамен марапатталды. 2016 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдстемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өткен облыстық «Үздік сабақ» байқауында ІІ жүлделі орынды жеңіп алды, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2017 жылы республикалық педагогикалық «Білім KZ» журналының № 1(65) санында « Генетиканың даму тарихы. Г. Мендельдің ашқан тұқым қуалау заңдылықтары» тақырыбында сабақ жоспарының үлгісі жарық көрді. 2015, 2016 оқу жылы ҰБТ-да оқушылары биология пәнінен 100 % білім сапасын көрсетті. 2017 жылы аудандық биология пәнінің мұғалімдеріне арналған «Биология пәнінен оқушыларды деңгейлеп оқыту арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбында өткен семинар-практикумында «Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау» тақырыбында коучинг өткізіп, тәжірибесімен бөлісті. 2017 жылы облыстық «Заманауи ұстаз» педагогикалық газетінің № 2 санында «Оқушының оқу –танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда критериалды бағалаудың маңызы» тақырыбындағы мақаласы жарияланды.