Карабатырова Ансаган Батырхановна
Достижения
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Бестамақ орта мектебі
Еңбек өтілі 14 жыл. І санатты пеадгог
2013 жылы «Педагогикалық шолу» облыстық ғылыми-әдістемелік журналына сабақ жоспары жарияланды. 2013 жылы математика пәнінен өткізілген Республикалық «Бастау» олимпиадасының І (қалалық) кезеңінде ауыл мектептерінің арасында белсенділігімен ерекшеленгендігі үшін мадақтама берілді. 2013 жылы «Оқытудың белсенді әдістері-білім беру үдерісіндегі әрекетшіл және құзыретті қадам» атты облыстық байқауда сертификат алды. 2013 жылы «12 жылдық білім беруге көшуде педагогтың кәсіби құзіреттілігінің моделі» тақырыбында семинар сертификаты берілді. 2014 жылы қалалық «Сәтті шыққан 45 минут интернет байқауынан» 3-орын алды. 2014 жылы «Ең үздік класс жетекші-2013» қалалық байқауының «Ұлттық дәстүрдің білгірі» номинациясымен марапатталды. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты «Білім берудің жаңа парадигмасы», «smart-мұғалімнен smart-мектепке» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. Ақтөбе облысы мұғалімдері мен оқушыларына арналған «Зияткерлік бастама-ХХІ» атты зияткерлік-шығармашылық марафонының «Жаңа оқулық- жаңа сабақ» байқауы алғыс хат; Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Астана –бас қала» атты облыстық үздік тәрбие сағаты сайысында алғыс хат берілді. 2017 жылы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы мұғалімдер арасында ұйымдастырылған облыстық педагогикалық олимпиадада ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. «Білім саласындағы өзгерістер: жаңа қадам» тақырыбындағы облыстық семинар –практикумында белсенділік танытып, алғыс хат алды. «Самғау» Республикалық ғылыми әдістемелік журналының ұйымдастыруымен «Бала шақтан-болашаққа» атты балабақша мен МДҰ-ның тәрбиеленушілеріне, 1-4 класс оқушыларына арналған І Республикалық шығармашылыө байқауында балалардың шығармашылық қарқынын жетілдіруге үлес қосқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.