Касанаева Майра Кахармановна
Достижения
Алматы қаласы, Әуеэов ауданы №104 жалпы білім беретін мектеп
Еңбек өтілі 23 жыл.
2014 ж. Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясына 5 жыл толу және Ә.Қастеевтің туғанына 110 жыл толу мерекелеріне арналған Алматы қаласының оқушылары арасында өткен «Менің Отаным-Қазақстан» атты бейнелеу өнері байқауына қатысқаны үшін сертификат; 2014 ж. Тұңғыш Президент күні және Алматы метрополитені үш жылдығына орай Алматы қалалық оқушылар арасында «Метро балалар көзімен» сурет байқауына шәкірт тәрбиелеген үшін сертификат; 2016 ж. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде Бейнелеу өнері пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 40 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын аяқтады. 2015 ж. Жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған «Туған жерім» атты балалар суреттерінің республикалық интернет-байқауының жеңімпазын дайындап, дарынды балаларды және қолдау көрсетуге қосқан үлесі үшін алғыс хат; 2015 ж. Аудандық білім бөлімінің алғыс хаты; 2016ж. Республикалық «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты интернет байқауының «Суреттеме» номинациясы бойынша және 2016 ж. «Құстар қайтып барады мекеніне» атты Республикалық байқауына қатысушы оқушыларымен нәтижелі жұмыс жүргізгені үшін марапатталды. 2017 ж. Білім-ғылым-инновация тақырыбы бойынша өткізілген бесінші ғылыми халықаралық тәжірибелік конференцияға белсенді қатысқаны үшін сертификат берілді. Оқушылары «Халық өнері-асыл қазына» атты бейнелеу өнері бойынша қалалық көрме, Республикалық «Менің Отаным -Қазақстан», Республикалық «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз», «Көктем бейнесі» атты көркемсурет байқаулары сынды түрлі деңгейдегі сайыстардың жүлдегерлері.